Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағы құрылды

© Photo : Пресс-служба министерства юстиции Казахстана Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағы құрылды
Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағы құрылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Жазылу
Одақ тұрақтылықты нығайтуға және түркі мемлекеттері азаматтарының құқығын қорғауға көмектеседі
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Анкарада нотариаттық палаталардың төрағалары "Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағын" құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараев түркі әлемі елдері арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық пен дамудың маңыздылығын атап өтті.
Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Нотариаттар одағының құрылуы ТМҰ елдеріндегі тұрақтылықты нығайту және құқықтар мен мүдделерді қорғаудың маңызды құралы болатынын айтты.
Жиынға қатысушылар нотариат саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және заң қызметін дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шара аясында Азамат Есқараев Әзірбайжанның әділет министрі Фикрет Мамедов, Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч және Өзбекстанның әділет министрі Акбар Ташкуловпен екіжақты кездесулер өткізді.
Айта кетері, Түркі мемлекеттері ұйымына Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері мүше.
Жаңалықтар
0