"Самұрық-Қазына" жыл соңына дейін алты ірі жобаны аяқтауды жоспарлап отыр

© PhotoГлава Фонда "Самрук-Қазына" встретился с Председателем Совета Директоров "China National Petroleum Corporation", Дай Хоуляном
Глава Фонда Самрук-Қазына встретился с Председателем Совета Директоров China National Petroleum Corporation, Дай Хоуляном - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, ол президентке қордың биыл 8 айдағы қорытындылары мен ағымдағы жобалары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлан Жақыпов жыл қорытындысы бойынша өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы қызметінен күтілетін нәтижелер туралы айтты.
Сондай-ақ ол президентке қордың басым жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады. Хабарламада жыл соңына дейін алты ірі жобаны аяқтау жоспарланып отырғаны айтылды:
Астрахань - Маңғышлақ су құбырын қайта жаңарту,
"Сарша" және "Жылы жағажай"елді мекендерін газдандыру,
Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырының 2-ші желісін салу,
Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырының лупингін салу,
1-ші ГРЭС-1 блогын қалпына келтіру,
Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағының электр желісін күшейту.
Сонымен қатар Жақыпов қор активтерін жекешелендіру жоспарының іске асырылу барысы туралы айтты. SPO KEGOC 2023 жылдың 10 қарашасына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ бейінді емес активтерді жекешелендіру және "Самұрық-Қазына"қоры компанияларының халықтық IPO-сын өткізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жаңалықтар
0