Қазақстанда 346 адам описторхоз инфекциясын жұқтырды

© Sputnik / Абзал КалиевДәрітамызғыш
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Жазылу
Адамдар ауруды жақын маңдағы су айдындарында ауланған балық арқылы жұқтырған болуы мүмкін
АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда 8 айда 346 адам описторхозбен ауырды, деп хабарлады Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.
"14 жасқа дейінгі балалар арасында 20 жағдай тіркелді. Өткен жылы 349 адам анықталған. Ауру деңгейі өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда бірдей қалыпта болды", - дейді СЭҚ мамандары.
Қазіргі уақытта БҚО-да 113 тұрғыннан описторхоз ауруы анықталды. Облыста ауру деңгейі 26%-ке өскен. Ақмола облысы бойынша 14 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 3 бала ауырған.
"Адамдар жақын маңдағы су айдындарында ауланған балық арқылы жұқтырған болуы мүмкін. Өнім сатып алынған нүктені есептеу қиын. Өйткені адамдар оны қайдан алғанын есінде сақтамайды", - дейді мамандар.
Ауруға 50% себеп жабайы сауда орындарында сатылған балықтан болғаны анықталды.
Описторхосбен ауырған науқастың дене қызуы көтеріліп, басы, бұлшық еттері ауырып, буыны сырқырайды, терісінде қышыма бөртпе пайда болады. Ауру асқынса бауыр және өт қалтасы үлкейеді. Ас қорытуы бұзылып, лоқсиды. Егер дер кезінде ем қолданбаса іріңді холангит, перитонит, жедел панкреатит болады.
Жаңалықтар
0