https://sputnik.kz/20231006/putin-batys-ustemdigine-qatysty-pikir-bildirdi-39186116.html
Путин Батыс үстемдігіне қатысты пікір білдірді
Путин Батыс үстемдігіне қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Ресей президент Владимир Путин бұл жолы Валдай пікірсайыс клубының отырысына төрт сағатқа жуық уақыт қатысқанымен, ең маңызды пікірді кіріспе сөзінде-ақ айтып... 06.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-06T18:21+0500
2023-10-06T18:21+0500
2023-10-09T16:21+0500
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39186596_0:0:3301:1858_1920x0_80_0_0_7f9c176fee7c5b8edc16553a7ebeb5eb.jpg
Ресей президент Владимир Путин бұл жолы Валдай пікірсайыс клубының отырысына төрт сағатқа жуық уақыт қатысқанымен, ең маңызды пікірді кіріспе сөзінде-ақ айтып қойды. Бұл оның сұрақтарға берген жауаптары қызық болмады деген сөз емес. Дегенмен ол сөз басында-ақ қазіргі халықаралық жағдай туралы өзінің түсінігін, сонымен бірге жаһандық болашаққа деген көзқарасын да тұжырымдады, деп жазды РИА Новости.Путин Украина дағдарысы аумақтық қақтығысқа қатысты емес, ол жаңа әлемдік тәртіп принциптеріне қатысты екенін айтты. Сондықтан Ресей алдында жаңа әлем құру міндеті тұр. Өйткені қазірдің өзінде әлемдік тәртіпте өзгерістер болып жатыр. "Ешкім басқаларға үстемдік етіп, оларға қалай тіршілік ету керектігін міндеттеп және мәжбүрлемеген кезде" ғана тұрақты бейбітшілік орнайды. Яғни, Путин Ресейдің әлемдік үстемдікке қарсы шығып, Батыспен текетіреске түскенін растап қана қоймай, бұл үстемдік күн сайын жойылып жатқанына сенімді."АҚШ пен оның серіктері гегемониялық бағытты – әскери, саяси, экономикалық, мәдени, тіпті моральдық және құндылық бойынша үстемдік етуді көздейді. Монополия орнату әрекеттері сәтсіздікке ұшырайтыны бізге әу бастан-ақ түсінікті болды. Әлем бір пішінге бағынбайды, себебі ол тым күрделі және әртүрлі", - дед Путин пікірталас клубының отырысында.Дүниежүзілік үстемдікке ұмтылудың қауіптілігін Ресейде де, Қытайда да, Үндістанда да, ислам әлемінде де, тіпті Батыстың өзінде де ескерткендер көп болды. Алайда ол ескертулерге құлақ аспады.Владимир Путин бұған геосаяси мүдделер мен өздерін басқалардан жоғары санау себеп болуы мүмкін деген пікір айтты."Батыс тарихи үздіксіз экспансиялардын құралады. Батыстың әлемдегі ықпалы ауқымды әскери-қаржылық пирамида іспеттес. Сондықтан оған тіршілік ету үшін өзгелердің тұрақты түрде табиғи, технологиялық, адами ресурстары қажет", - деді Путин.Батысқа әлемдік үстемдік жақсылыққа әкелмейтінін жанындағы одақтастары ескертіп жатса да, құлақ асатын емес. Себебі ол бұл бағытқа тым жоғары жылдамдықпен жылжып, ақырында "тежегіштері" істен шыққан секілді. Сол себепті онымен ынтымақтастықтағы мемлекеттер де Батыс соңынан ілесуге мәжбүр, деп жазды мақала авторы.Анығында, дәл осы кезеңде әлем елдері өз құндылықтары мен мүдделерін алға тартып, бір ғана бақылаушы-мемлекеттің соңынан еруді доғаруы керек. Осы себепті Путин де "Ресейдің өркениетті мемлекет ретінде дамуы тек өз болашағын ғана емес, жаңа әлемдік тәртіпті көздейтінін" айтты.Путиннің пікірінше, болашақтағы әлем жаһандық өркениеттердің алуан түрлілігінің әлемі, олар өз мәдениеттері мен дәстүрлері, халқының өкілі ретінде құқықтары жағынан тең."Мен адамзат баласы оны қанша итермелесе бәсекелес сегменттерге, жаңа блоктық қарама-қайшылыққа, жаңа жаһанданудың жансыз әмбебаптығына емес, керісінше, әлемдік өркениетті мемлекеттердің келешегіне, кең кеңістіктерге, бір-бірін құрметтейтін қауымдастықтарға қарай ұмтылып жатқанына сенімдімін", - деді Путин.Өркениеттер үнемі бір-бірімен бәсекелестікте болады деген күмән пайда болуы мүмкін. Бірақ өркениеттердің бәсекелесіп, бір-бірімен қанды шайқасқа түсуіне бір тараптың өз көзқарасы мен ұстанымын өзге тарапқа "дұрыс, ақиқат" ретінде мәжбүрлеп мойындауға әрекеттенуі себеп. Ал бір-бірінің құндылықтарын, көзқарасын және даму жолын құрметтейтін мемлекеттер арасында адамдардың қырылуына әкелетін мұндай бәсекелестік болмайды.Сондықтан Путин "өркениеттік тірек өкінішке орай, қауіпті және өз белгілерін жоғалтқан қазіргі әлемде табысқа жетудің қажетті шарты" деген көп мемлекет түсініп келе жатқанын айтты.Автор жазғандай, Ресей әлемдік өркениеттер тараптар бір-біріне құрметпей қарайтын жаңа әлемді қалай құруды, болашаққа жаңа жолды қалай таңдау керектігін өзара келісе алатын болашаққа жол салуды таңдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39186596_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_92d096b6a8cd801da92b4a1615654ec4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин
Ресей президент Владимир Путин бұл жолы Валдай пікірсайыс клубының отырысына төрт сағатқа жуық уақыт қатысқанымен, ең маңызды пікірді кіріспе сөзінде-ақ айтып қойды. Бұл оның сұрақтарға берген жауаптары қызық болмады деген сөз емес. Дегенмен ол сөз басында-ақ қазіргі халықаралық жағдай туралы өзінің түсінігін, сонымен бірге жаһандық болашаққа деген көзқарасын да тұжырымдады, деп жазды
РИА Новости.Путин Украина дағдарысы аумақтық қақтығысқа қатысты емес, ол жаңа әлемдік тәртіп принциптеріне қатысты екенін айтты. Сондықтан Ресей алдында жаңа әлем құру міндеті тұр. Өйткені қазірдің өзінде әлемдік тәртіпте өзгерістер болып жатыр. "Ешкім басқаларға үстемдік етіп, оларға қалай тіршілік ету керектігін міндеттеп және мәжбүрлемеген кезде" ғана тұрақты бейбітшілік орнайды. Яғни, Путин Ресейдің әлемдік үстемдікке қарсы шығып, Батыспен текетіреске түскенін растап қана қоймай, бұл үстемдік күн сайын жойылып жатқанына сенімді.
"АҚШ пен оның серіктері гегемониялық бағытты – әскери, саяси, экономикалық, мәдени, тіпті моральдық және құндылық бойынша үстемдік етуді көздейді. Монополия орнату әрекеттері сәтсіздікке ұшырайтыны бізге әу бастан-ақ түсінікті болды. Әлем бір пішінге бағынбайды, себебі ол тым күрделі және әртүрлі", - дед Путин пікірталас клубының отырысында.
Дүниежүзілік үстемдікке ұмтылудың қауіптілігін Ресейде де, Қытайда да, Үндістанда да, ислам әлемінде де, тіпті Батыстың өзінде де ескерткендер көп болды. Алайда ол ескертулерге құлақ аспады.
Владимир Путин бұған геосаяси мүдделер мен өздерін басқалардан жоғары санау себеп болуы мүмкін деген пікір айтты.
"Батыс тарихи үздіксіз экспансиялардын құралады. Батыстың әлемдегі ықпалы ауқымды әскери-қаржылық пирамида іспеттес. Сондықтан оған тіршілік ету үшін өзгелердің тұрақты түрде табиғи, технологиялық, адами ресурстары қажет", - деді Путин.
Батысқа әлемдік үстемдік жақсылыққа әкелмейтінін жанындағы одақтастары ескертіп жатса да, құлақ асатын емес. Себебі ол бұл бағытқа тым жоғары жылдамдықпен жылжып, ақырында "тежегіштері" істен шыққан секілді. Сол себепті онымен ынтымақтастықтағы мемлекеттер де Батыс соңынан ілесуге мәжбүр, деп жазды мақала авторы.
Анығында, дәл осы кезеңде әлем елдері өз құндылықтары мен мүдделерін алға тартып, бір ғана бақылаушы-мемлекеттің соңынан еруді доғаруы керек. Осы себепті Путин де "Ресейдің өркениетті мемлекет ретінде дамуы тек өз болашағын ғана емес, жаңа әлемдік тәртіпті көздейтінін" айтты.
Путиннің пікірінше, болашақтағы әлем жаһандық өркениеттердің алуан түрлілігінің әлемі, олар өз мәдениеттері мен дәстүрлері, халқының өкілі ретінде құқықтары жағынан тең.
"Мен адамзат баласы оны қанша итермелесе бәсекелес сегменттерге, жаңа блоктық қарама-қайшылыққа, жаңа жаһанданудың жансыз әмбебаптығына емес, керісінше, әлемдік өркениетті мемлекеттердің келешегіне, кең кеңістіктерге, бір-бірін құрметтейтін қауымдастықтарға қарай ұмтылып жатқанына сенімдімін", - деді Путин.
Өркениеттер үнемі бір-бірімен бәсекелестікте болады деген күмән пайда болуы мүмкін. Бірақ өркениеттердің бәсекелесіп, бір-бірімен қанды шайқасқа түсуіне бір тараптың өз көзқарасы мен ұстанымын өзге тарапқа "дұрыс, ақиқат" ретінде мәжбүрлеп мойындауға әрекеттенуі себеп. Ал бір-бірінің құндылықтарын, көзқарасын және даму жолын құрметтейтін мемлекеттер арасында адамдардың қырылуына әкелетін мұндай бәсекелестік болмайды.
Сондықтан Путин "өркениеттік тірек өкінішке орай, қауіпті және өз белгілерін жоғалтқан қазіргі әлемде табысқа жетудің қажетті шарты" деген көп мемлекет түсініп келе жатқанын айтты.
Автор жазғандай, Ресей әлемдік өркениеттер тараптар бір-біріне құрметпей қарайтын жаңа әлемді қалай құруды, болашаққа жаңа жолды қалай таңдау керектігін өзара келісе алатын болашаққа жол салуды таңдады.