https://sputnik.kz/20231006/oqushynyn-basyn-taqtaga-urgan--mugalim-qylmystyq-zhauapkershilikke-tartyluy-mumkin-39108586.html
Оқушының басын тақтаға ұрған – мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Оқушының басын тақтаға ұрған – мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
КӨКШЕТАУ, 06 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Жібек Жолы ауылындағы мектептегі оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жұмыстан босатылған... 06.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-06T12:41+0500
2023-10-06T12:41+0500
2023-10-06T12:41+0500
мұғалім
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_f944279ca5317cde0b61fffce374b088.jpg
КӨКШЕТАУ, 06 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Жібек Жолы ауылындағы мектептегі оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жұмыстан босатылған мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылындағы І. Құтпанұлы атындағы орта мектептегі оқиғаға әлі нүкте қойылар емес. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.Бұл бап бойынша кінәлі адам 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады. Дәл осы баппен жазаның тағы бір түрі 40 тәулікке қамалады. Мұғалім белгілі бір лауазымдарға орналасу құқығынан айырылуы мүмкін."Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар жасалды", – деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектебінде мұғалімнің оқушыны ұрып жатқан сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_ae38ee05a18f417ba9298ec60b9d343d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім
Оқушының басын тақтаға ұрған – мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
КӨКШЕТАУ, 06 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Жібек Жолы ауылындағы мектептегі оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жұмыстан босатылған мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылындағы І. Құтпанұлы атындағы орта мектептегі оқиғаға әлі нүкте қойылар емес. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бұл бап бойынша кінәлі адам 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады. Дәл осы баппен жазаның тағы бір түрі 40 тәулікке қамалады. Мұғалім белгілі бір лауазымдарға орналасу құқығынан айырылуы мүмкін.
"Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар жасалды", – деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектебінде мұғалімнің оқушыны ұрып жатқан сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.