https://sputnik.kz/20231006/onkologiyalyq-aurumen-kures-khimioterapiyaga-baratyn-balalardyn-kolik-shygyny-oteledi-39098783.html
Онкологиялық аурумен күрес: химиотерапияға баратын балалардың көлік шығыны өтеледі
Онкологиялық аурумен күрес: химиотерапияға баратын балалардың көлік шығыны өтеледі
Sputnik Қазақстан
Үкімет азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар қосымша шара қабылдайды 06.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-06T07:58+0500
2023-10-06T07:58+0500
2023-10-06T07:58+0500
онкология
балалар
https://sputnik.kz/img/470/99/4709968_0:38:2971:1709_1920x0_80_0_0_bb8ba1295b225c439957d94cb0d3b1ba.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Құжат онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға бағытталған.Жоспарға сәйкес, әрбір өңірде соңғы үлгідегі қондырғыларды орнату арқылы науқастар әлемдік стандарт деңгейінде заманауи сәулелік ем алу мүмкіндігіне ие болады."Сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектер беріледі. Ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендерді пайдалану жоспарланып отыр, бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтады", - деп жазылған хабарламада.Бұдан басқа, онкологиялық ауруларды емдеу шеңберінде телемедицина және жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалану көзделеді. Жалпы онкологиялық көмек көрсету еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай стандартқа ие болады.Кешенді жоспардың негізгі міндеттерінің бірі – онкологиядағы заманауи стандарттарды қолдану арқылы республика аумағында онкологиялық науқастарға қажетті медициналық көмектің толық кешенін қамтамасыз ету.Жоспарланған шараларды іске асыруға орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды, сондай-ақ медициналық ұйымдармен қатар үкіметтік емес ұйымдарды да тарту жоспарланған.Кешенді жоспар республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралды. Оның нәтижесі бойынша 460,7 млрд теңге сомасында қаржыландыру қолдау тапты.Жоспарды іске асыру нәтижесінде қатерлі ісіктің асқынып кеткен жағдайларының үлесі (III-IV кезең) 10%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.Пациенттерді сәулелік емдеумен қамтуды арттыру 53%-ға жетеді. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді 100 мың тұрғынға шаққанда 64,5-ке дейін төмендету көзделіп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/470/99/4709968_9:0:2740:2048_1920x0_80_0_0_31fcf87c3fa1875debafe1c21eb655f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
онкология, балалар
Онкологиялық аурумен күрес: химиотерапияға баратын балалардың көлік шығыны өтеледі
Үкімет азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар қосымша шара қабылдайды
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Құжат онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, әрбір өңірде соңғы үлгідегі қондырғыларды орнату арқылы науқастар әлемдік стандарт деңгейінде заманауи сәулелік ем алу мүмкіндігіне ие болады.
"Сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектер беріледі. Ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендерді пайдалану жоспарланып отыр, бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтады", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан басқа, онкологиялық ауруларды емдеу шеңберінде телемедицина және жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалану көзделеді. Жалпы онкологиялық көмек көрсету еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай стандартқа ие болады.
Кешенді жоспардың негізгі міндеттерінің бірі – онкологиядағы заманауи стандарттарды қолдану арқылы республика аумағында онкологиялық науқастарға қажетті медициналық көмектің толық кешенін қамтамасыз ету.
"Бұл ретте онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен олардың заңды өкілдерінің біріне химиотерапияның қарқынды курстарынан өтуі үшін көлік шығындарын өтеу жоспарланып отыр", - деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.
Жоспарланған шараларды іске асыруға орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды, сондай-ақ медициналық ұйымдармен қатар үкіметтік емес ұйымдарды да тарту жоспарланған.
Кешенді жоспар республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралды. Оның нәтижесі бойынша 460,7 млрд теңге сомасында қаржыландыру қолдау тапты.
Жоспарды іске асыру нәтижесінде қатерлі ісіктің асқынып кеткен жағдайларының үлесі (III-IV кезең) 10%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
Пациенттерді сәулелік емдеумен қамтуды арттыру 53%-ға жетеді. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді 100 мың тұрғынға шаққанда 64,5-ке дейін төмендету көзделіп отыр.