"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзартылды

© Photo : UnsplashЧто известно о закрытии кинотеатров в Казахстане?
Что известно о закрытии кинотеатров в Казахстане? - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Жазылу
Бұған дейін әлеуметтік желіде фильмнің прокаттан алынып тасталуы қоғамдық резонанс тудырды
АСТАНА, 6 қазан - Sputnik. "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзартылды, деп хабарлады филмнің режиссері Мұрат Есжан әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауы болып, “Оян, қазақтың” кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды! Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық! Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар! Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған (фильм 100 пайыз мембюджетке түсірілген) алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар", - деп жазды режиссер.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде фильмнің прокаттан алынып тасталуы қоғамдық резонанс тудырды. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы "Міржақып. Оян, Қазақ!" фильмін прокаттан алып тастау себебін түсіндірді.
Телерадиокорпорацияның баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызының айтуынша, келісімшарт әу баста екі аптаға жасалды. 15 күнде фильмді 140 мыңнан астам адам көріп үлгерді.
Редкие книги из фонда Национальной библиотеки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2019
Өмірбаяндар
"Халық тағдыры – карта ойыны емес": Міржақып Дулатұлы жайлы қызықты деректер
Жаңалықтар
0