Алматы облысында туристер жол апатына ұшырады – бір адам көз жұмды
© Photo : Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіАлматы облысында туристер жол апатына ұшырады
© Photo : Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жазылу
36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды
АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы аумағында туристер мінген көлік жол апатына түсті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 5 қазанда Саты ауылынан 9 км жерде болған.
"47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалысқа шығып, 1997 жылы туған жүргізушінің "УАЗ" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды. Жарақат алғандарғатолық көлемде жедел медициналық көмек көрсетілген.
© Photo : Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіАлматы облысында туристер жол апатына ұшырады
Алматы облысында туристер жол апатына ұшырады
© Photo : Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
"20 әйел мен 14 ер адам зардап шекті. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 ТМҚК бригадасы, 28 қызметкер және 14 санитарлық автокөлік бірлігі жіберілген. Қазіргі уақытта Кеген аудандық ауруханасында 1, Шелек ауылының аудандық ауруханасында 2, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 9 науқас ем қабылдап жатыр", - дейді аудандық әкімдік.
Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл мәселені Алматы облысының әкімі бақылауына алған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр.