Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қаржы мәселесінде қиындыққа тап болуы мүмкін

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, виды города
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
Ақша – кез-келген армияның қозғаушы күші. Ресейлік арнайы әскери операция аймағында украиналық әскер АҚШ-тың әскери-қаржылай көмегінің арқасында ғана қарсылық танытуға қауқарлы болып отыр. Бірақ Батыстың қаржылай көмегі таусылып жатыр. Америкалықтар енді бұл міндетті Еуропаға жүктеуді жоспарлап отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ақ үй әкімшілігі 3 қазанда Киев режиміне толық көлемде қаржылық және әскери қолдау көрсетуге екі ай ғана уақыт қалғанын ресми түрде хабарлады. Сондай-ақ кеше Пентагон одақтастарына қолдау қаражатының тапшылығы туралы ескертті. Олардың айтуынша, бар болғаны 5,4 миллиард доллар қалды, ал АҚШ Конгресі Украинаға қосымша бюджет шығындарын мақұлдамады. Бұған дейін Америка Ресейге қарсы іс-қимылдарды қолдауға 113 миллиард доллар инвестициялаған.
"АҚШ президенті Джо Байден телефон арқылы одақтас мемлекеттердің басшыларына Украина Қарулы күштерін қаржыландырудың қажеттілігі туралы нұсқау бере бастады. Бұл тізімде алғашқы болып Ұлыбритания, Германия, Франция, Польша, Румыния, Жапония тұр", - деп жазды Хроленко.
Анығында бұл жағдайға Еуропа қуанып отырған жоқ. Себебі Еуроодақ елдері енді өз қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей Киевке қару-жарақ жеткізе алмайды. Еуропалық Одақ Украина Қарулы күштерін қолдауға жеткілікті әскери-өнеркәсіптік кешеннің өндірістік қуатын арттыра алмады. Олар осы әркетін ақтау үшін Киевтен "цифрландыру, энергетикалық тәуелсіздік, адами капиталды дамыту" реформаларын талап етіп жатыр. Ұлыбритания да әскери жеткізілімдердің шегіне жетті және Украинаға қолданыста болған немесе шығарылған көнерген техниканы жеткізіп жатыр.
Дегенмен Балтық елдері бұл бағытта біршама жомарттық танытып отыр. Латвия Ресейге қарсы NAMEJS 2023 маневрлерін өткізді. Эстония қорғаныс өнеркәсібін "соғыс уақытындағыдай" деңгейде іске қосуға дайын екенін мәлімдеді. Литва сыртқы істер министрі Габриелюс Ландсбергис НАТО-ны Украинаны "ядролық қарумен қорғауға" шақырды.
Киев режимі әскери іс-қимылдардағы белсенділігін Батысқа көрсету үшін Запорожье бағытында шабуыл жасауға тырысып жатыр. Ол үшін Қырым теңізі айналасында жасырын десант түсіру әрекеттері жасалып жатыр.
"Еуропадағы Ресейге қарсы әскери іс-қимылдар америкалық әскери-өнеркәсіптік кешен үшін тиімді. Дегенмен 20 айға созылған әскери іс-қимылдар кезінде Пентагон Украина Қарулы күштеріне 2 миллионнан астам артиллериялық снаряд берді. Ал анығында мұндай көлемдегі снарядтың өндірісіне көп жыл қажет. Украина жерінде оқ-дәрілер таңқаларлық жылдамдықпен тұтынылып жатыр. Сондықтан Киевті қолдаушы елдердің арсменалы күннен-күнге босап жатыр", - деп жазды Хроленко.
Украина Қарулы Күштерін қолдаушы елдер блогындағы тартыстар Вашингтондағы өткір саяси келіспеушіліктерді және Еуропадағы сайлаудың соғысқа қарсы екпінін арттырып жатыр. Венгрия, Сербия және Словакия Ресейге қарсы күш біріктіруді әлсіретіп жатыр. Мысалы, Будапешт 2024-2027 жылдары Украинаға еуропалық көмек пакетін 25 миллиард еуроға, яғни екі есе қысқартуды ұсынды. АҚШ пен еуропалық көшбасшылар арасындағы аралық алауыздық айқын көрінеді, дейді әскери шолушы.
Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррельдің 3 қазанда Киевте Украина Қарулы күштерін қолдайтын 27 елдің өкілдерімен кезектен тыс кездесу ұйымдастыруы да жағдайды түзей алмады. Себебі іс жүзінде "ынтымақтастықтың белгісі" жария ету және 40 мың украиналық жауынгерді НАТО-ның стандарттары бойынша даярлау туралы келісім оқ-дәрілердің жетіспеушілігін өтей алмайды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0