https://sputnik.kz/20231005/turki-investitsiyalyq-qory-nemen-aynalysady--senat-zandy-maquldady-39068031.html
Түркі инвестициялық қоры немен айналысады – сенат заңды мақұлдады
Түркі инвестициялық қоры немен айналысады – сенат заңды мақұлдады
Sputnik Қазақстан
Қор шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландырады 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T10:05+0500
2023-10-05T10:05+0500
2023-10-05T10:05+0500
сенат
түркітілдес халықтар
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400117_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_3cab1f98e6994a813352e26f64f1c5db.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Парламент сенаты мәжіліс қабылдаған "Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімнің мақсаты – өңірішілік сауданы ұлғайту және экономикалық қызметті қолдау арқылы Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған халықаралық қаржы ұйымы нысанында Түркі инвестициялық қорын құру.Қор құру туралы келісімге биыл 16 наурызда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының төтенше саммиті аясында қол қойылды.Қор мынадай функцияларды орындайды: жобаларды, атап айтқанда шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру, физикалық және цифрлық инфрақұрылым жасауды және оны жаңғыртуды қолдау, өнеркәсіп өндірісін, көлікті, ауыл шаруашылығын, туризмді және "жасыл экономиканы" қоса алғанда, өзара мүдделі салаларда даму жобаларын қолдау.ТМҰ-ға 5 мүше мемлекет: Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы қор құрылтайшысы болады. Қор құрылымы президенттен, басқарушылар кеңесінен, директорлар кеңесінен, бас директордан және қызметкерлерден тұрады.Қордың әрбір мүшесінің дауыс беру құқығы тең. Қордың штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан.Депутаттар атап өткендей, келісімді ратификациялау Қазақстанға экономиканың басым секторларындағы, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жобаларын қаржыландыруды алуға, сондай-ақ ТМҰ өңірі аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400117_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_1572e1b88bd63d6212857968c1401637.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, түркітілдес халықтар
сенат, түркітілдес халықтар
Түркі инвестициялық қоры немен айналысады – сенат заңды мақұлдады
Қор шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландырады
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Парламент сенаты мәжіліс қабылдаған "Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімнің мақсаты – өңірішілік сауданы ұлғайту және экономикалық қызметті қолдау арқылы Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған халықаралық қаржы ұйымы нысанында Түркі инвестициялық қорын құру.
Қор құру туралы келісімге биыл 16 наурызда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының төтенше саммиті аясында қол қойылды.
Қор мынадай функцияларды орындайды: жобаларды, атап айтқанда шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру, физикалық және цифрлық инфрақұрылым жасауды және оны жаңғыртуды қолдау, өнеркәсіп өндірісін, көлікті, ауыл шаруашылығын, туризмді және "жасыл экономиканы" қоса алғанда, өзара мүдделі салаларда даму жобаларын қолдау.
"Қордың жарғылық капиталы жалпы номиналды құны 350 млн долларды құрайтын төленген акцияларға, сондай-ақ номиналды құны 150 млн долларды құрайтын тартылатын акцияларға бөлінеді. Қорға әрбір мүше мемлекетке 70 млн долларды құрайтын төленген акциядан келеді", - делінген сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің қорытындысында.
ТМҰ-ға 5 мүше мемлекет: Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы қор құрылтайшысы болады. Қор құрылымы президенттен, басқарушылар кеңесінен, директорлар кеңесінен, бас директордан және қызметкерлерден тұрады.
Қордың әрбір мүшесінің дауыс беру құқығы тең. Қордың штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан.
Депутаттар атап өткендей, келісімді ратификациялау Қазақстанға экономиканың басым секторларындағы, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жобаларын қаржыландыруды алуға, сондай-ақ ТМҰ өңірі аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.