Төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
Президент мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталғанын мәлімдеді
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасында айтты, деп хабарлады Ақорда.
Президент ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты", - деп атап өтті ол.
Тоқаев 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" жеке заң қабылданғанын еске салды.
"Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды", - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. "Болашақ" бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді.
"Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз", - деп толықтырды президент.
Мемлекет басшысы жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал ететінін атап өтті.
"Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның пікірінше, заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамыту керек.
Жаңалықтар
0