Семейде "елес қыз" ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
Сот қызды кінәлі деп тауып, 69 000 теңге көлемінде айыппұл салды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде "елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан 22 жастағы Семей тұрғыны ұсталды.
Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдардың зәре-құтын ұшырған құқық бұзушының жеке басын анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрады.
Размытый силуэт девушке в дверном проеме, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2020
Өңірлер
Батыс Қазақстан полициясы "қыздың елесі жүрген" ауылды тексерді – видео
Жаңалықтар
0