https://sputnik.kz/20231005/salauatty-omir-saltyna-zhyl-sayyn-qansha-aqsha-zhumsalady-39089767.html
Салауатты өмір салтына жыл сайын қанша ақша жұмсалады
Салауатты өмір салтына жыл сайын қанша ақша жұмсалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салауатты өмір салтын насихаттауға өңірлерге жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп... 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T16:41+0500
2023-10-05T16:41+0500
2023-10-05T16:41+0500
салауатты өмір салты
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619165_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_877bb8762bc289dd8c0725c617c975f4.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салауатты өмір салтын насихаттауға өңірлерге жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттау бағытында мақсатты жұмыс жүргізеді.Министр темекі мен басқа да жаман әдеттердің салдарынан зардап шегетін пациенттерді емдеуге жұмсалатын қаражатпен салыстырғанда бұл аз сома екенін атап өтті."Денсаулық сақтау министрлігі темекінің салдарымен күреске де ақша жұмсайды. Темекі тарту жүрек-қан тамырлары, респираторлық ауруларға, тіпті қант диабетіне де шалдықтырады. Егер министрліктің ауру адамдарды емдеуге бөлетін шығынын қарастырсақ, жылына бұл шамамен 300 млрд теңге. Яғни біз темекінің салдарына – ем, операция, дәрі-дәрмекке, оңалтуға ақша жұмсаймыз", - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619165_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_5c6c65d0007e2ef03faf5a2dfc06cd77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтына жыл сайын қанша ақша жұмсалады
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салауатты өмір салтын насихаттауға өңірлерге жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттау бағытында мақсатты жұмыс жүргізеді.
"Әрбір емханада денсаулық мектебі немесе кабинеті, темекіге қарсы кабинеттер, темекі, ішімдік, есірткіге қарсы күрес жүргізілетін жастар орталықтары ашылады. Осы мақсатқа денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын өңірлерге 500 млн теңге бөледі", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министр темекі мен басқа да жаман әдеттердің салдарынан зардап шегетін пациенттерді емдеуге жұмсалатын қаражатпен салыстырғанда бұл аз сома екенін атап өтті.
"Денсаулық сақтау министрлігі темекінің салдарымен күреске де ақша жұмсайды. Темекі тарту жүрек-қан тамырлары, респираторлық ауруларға, тіпті қант диабетіне де шалдықтырады. Егер министрліктің ауру адамдарды емдеуге бөлетін шығынын қарастырсақ, жылына бұл шамамен 300 млрд теңге. Яғни біз темекінің салдарына – ем, операция, дәрі-дәрмекке, оңалтуға ақша жұмсаймыз", - деп түсіндірді ведомство басшысы.