Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейлік "Восток" әскер тобының өкілі мәлімдеме жасады

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРаздача гуманитарной помощи от ОНФ мобилизованным
Раздача гуманитарной помощи от ОНФ мобилизованным  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 Қазан – Sputnik. Оңтүстік Донецк бағытындағы "Восток" әскер тобының бөлімшелері артиллериялық атыстардың қолдауымен қарсы тараптың үш шабуылын тойтарып, Старомайорск және Приютный аудандарындағы позицияларға адам күшін жөнелтудің бес әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы "Восток" әскер тобының баспасөз орталығының жетекшісінің мәлімдемеді.
Шабуылдаушы бөлімшелер Новодонецкое – Урожайное учаскесінде, сондай-ақ Новозлатополь және Червоное аудандарында тактикалық жағдайды жақсартты. Украина әскерінің бірнеше бекінісі бақылауға алынды.
Артиллериялық оқтан Урожайное ауданындағы 58-ші мотомеханикаландырылған жаяу әскер бригадасының үш уақытша орналастыру пункті мен екі броньдалған машинасы, Старомайорсктегі 128-ші аумақтық қорғаныс бригадасының үш уақытша орналастыру пункті мен оқ-дәрі қоймасы қиратылды. Новомихайловканың оңтүстігінде Украина Қарулы күштерінің барлау тобы жойылды.
"Солнцепек" ауыр огнеметімен Никольскоеден солтүстік-шығыста Украина Қарулы күштерінің жеке құрамы шоғырланған жерлерге соққы жасады. Батареяға қарсы күрес барысында қарсы тарап Д-20 артиллериялық зеңбірек пен алты минометтен айырылды.
Украина Қарулы күштерінің Старомайорсктегі 128-ші аймақтық қорғаныс бригадасының, Константиновкадағы 72-ші механикаландырылған бригадасы және Новомихайловкадағы 79-шы десанттық-шабуылдау бригадасы бөлімшелерінің шоғырлану аймақтарына авиациялық соққылар жасалды.
Жаңалықтар
0