ҚТЖ 1300 шақырым теміржол салуды жоспарлап отыр

© Photo : Facebook / Қазақстан темір жолыЖолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
Республикада теміржолмен жүк тасымалы, оның ішінде транзиттік жүк тасымалдау көлемі артып келеді
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Үш жыл ішінде Қазақстан темір жолы 1300 шақырымға жуық жол салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Бұл елдің көлік әлеуетін айтарлықтай ұлғайтуға, экспорттық өнімді тасымалдау тиімділігін арттыруға және елдегі пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ хабарламада республиканың темір жолдарындағы транзиттің артқаны айтылған. 2023 жылдың 8 айында транзиттік жүк айналымы 25%-ке өсіп, 35,8 миллиард таза тонна-километрге жетті. Контейнерлік транзит 26%-ке өсті.
Транскаспий халықаралық бағыты бойынша тасымалдау да артып келеді. 2023 жылдың басынан бері бұл бағыт бойынша тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85%-ға артып, 1,7 миллион тоннаны құрады.
Компания Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынып жатқанын хабарлады. Дарбаза – Мақтаарал учаскесін, Алматыны айналып өтетін жол салу, Қытаймен үшінші шекара өткелін (Бақты – Аягөз) ашу жоспарланып отыр. Теңіз және құрғақ порт терминалдарын салу және қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚТЖ өкілдері "New Silk Way" VI халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына қатысты. Бұл іс-шарада қазақстандық және шетелдік салалық министрліктердің, жетекші компаниялардың мыңнан астам өкілі мен сарапшылар көлік-логистика саласындағы қалыптасып жатқан үрдістерді талқылады.
Жаңалықтар
0