https://sputnik.kz/20231005/qazaqstandyqtar-ekonomikanyn-birneshe-salasynda-eaeo-dagy-en-zhogary-zhalaqyny-alady-39077947.html
Қазақстандықтар экономиканың бірнеше саласында ЕАЭО-дағы ең жоғары жалақыны алады
Қазақстандықтар экономиканың бірнеше саласында ЕАЭО-дағы ең жоғары жалақыны алады
Sputnik Қазақстан
Бірақ Қазақстанда өскен жалақыны "жеп қоятын" ЕАЭО-дағы ең жоғары инфляция тіркелді 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T14:06+0500
2023-10-05T14:06+0500
2023-10-05T14:06+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7034aaf2d5ef54e6e88a16d4b0c6b886.jpg
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтар экономиканың бірнеше секторында ЕАЭО-дағы ең жоғары жалақыны алды, деп хабарлады Finprom ЕЭК мәліметіне сілтеме жасап.Сарапшылар мұны өткен жылдың лидері Ресейде осы салаларда жалақы өсімінің баяулауымен байланыстырып түсіндірді.Қазақстандық мұнайшылар мен кеншілер, құрылысшылар мен логистер, әкімшілік басқару саласындағы сарапшылар мен HoReCa саласындағы мамандар ЕАЭО-дағы әріптестеріне қарағанда көбірек жалақы ала бастады.Экономиканың барлық басқа саласында Ресей табыс деңгейі бойынша да, орташа номиналды жалақы бойынша да көшбасшы болып қалды: бірінші жартыжылдықта Ресей Федерациясының көрсеткіші 915 АҚШ долларын құрады. Қазақстан орташа жалақы бойынша былтырғыдай 780 АҚШ доллары көрсеткішімен екінші орында тұр.Қазақстанда табыс көлемі бойынша мұнай саласы көш бастайды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында сала қызметкерлерінің атаулы жалақысы 1,6 мың АҚШ долларын (738,7 мың теңге) құрады. Екінші орында қаржы және сақтандыру қызметі – 1,4 мың АҚШ доллары (652,3 мың теңге).IT және коммуникациялар секторындағы жалақы сәл төмен – 1,2 мың АҚШ доллары (544,4 мың теңге).2020 жылдан бастап Қазақстан ЕАЭО-да жалақы бойынша екінші орында тұр. Дегенмен инфляция барлық өсімді толығымен "жеп қояды". Қазақстанда бірінші жартыжылдықта нақты жалақы 0,2%-ға ғана өсті.ЕАЭО елдері бойынша ең жоғары инфляция Қазақстанда. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ол 17,8%-ды құрады, ал Ресейде бұл көрсеткіш 5,6%, Қырғызстанда – 12,7%, Беларусьте – 6,7%, Арменияда – 4,2% болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_99ee8253d7120e6f9b5825eb68adbd55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстандықтар экономиканың бірнеше саласында ЕАЭО-дағы ең жоғары жалақыны алады
Бірақ Қазақстанда өскен жалақыны "жеп қоятын" ЕАЭО-дағы ең жоғары инфляция тіркелді
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтар экономиканың бірнеше секторында ЕАЭО-дағы ең жоғары жалақыны алды, деп хабарлады
Finprom ЕЭК мәліметіне сілтеме жасап.
Сарапшылар мұны өткен жылдың лидері Ресейде осы салаларда жалақы өсімінің баяулауымен байланыстырып түсіндірді.
Қазақстандық мұнайшылар мен кеншілер, құрылысшылар мен логистер, әкімшілік басқару саласындағы сарапшылар мен HoReCa саласындағы мамандар ЕАЭО-дағы әріптестеріне қарағанда көбірек жалақы ала бастады.
Экономиканың барлық басқа саласында Ресей табыс деңгейі бойынша да, орташа номиналды жалақы бойынша да көшбасшы болып қалды: бірінші жартыжылдықта Ресей Федерациясының көрсеткіші 915 АҚШ долларын құрады. Қазақстан орташа жалақы бойынша былтырғыдай 780 АҚШ доллары көрсеткішімен екінші орында тұр.
Қазақстанда табыс көлемі бойынша мұнай саласы көш бастайды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында сала қызметкерлерінің атаулы жалақысы 1,6 мың АҚШ долларын (738,7 мың теңге) құрады. Екінші орында қаржы және сақтандыру қызметі – 1,4 мың АҚШ доллары (652,3 мың теңге).
IT және коммуникациялар секторындағы жалақы сәл төмен – 1,2 мың АҚШ доллары (544,4 мың теңге).
2020 жылдан бастап Қазақстан ЕАЭО-да жалақы бойынша екінші орында тұр. Дегенмен инфляция барлық өсімді толығымен "жеп қояды". Қазақстанда бірінші жартыжылдықта нақты жалақы 0,2%-ға ғана өсті.
ЕАЭО елдері бойынша ең жоғары инфляция Қазақстанда. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ол 17,8%-ды құрады, ал Ресейде бұл көрсеткіш 5,6%, Қырғызстанда – 12,7%, Беларусьте – 6,7%, Арменияда – 4,2% болды.