https://sputnik.kz/20231005/qazaqstan-men-qytay-oz-azamattary-turaly-qanday-aqparatty-almasady-39072903.html
Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы қандай ақпаратты алмасады
Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы қандай ақпаратты алмасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Парламент сенаты "Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы... 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T13:41+0500
2023-10-05T13:41+0500
2023-10-05T13:41+0500
қытай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369294_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_97b5a7ea24595ef6d625685015425b51.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Парламент сенаты "Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімге биыл 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылды.Келісім мына төрт бағыт бойынша ақпарат алмасуды көздейді:"Бұл мәліметтер қос азаматтыққа қарсы күрес, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет", - деді сенат депутаты Мұрат Қадырбек.Шартты іске асыратын құзыретті органдар ретінде: Қазақстан жағынан – ішкі істер министрлігі мен ңңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Қытай жағынан сыртқы істер министрлігі мен көші-қон істері бойынша мемлекеттік басқарма белгіленген. Осы органдар екі ел азаматтарының дербес деректерінің қорғалуы үшін жауап береді.Айтуынша, бүгінде осындай екі жақты келісім бес елмен – Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекістанмен жасалған. Сондай-ақ Ресеймен, Армениямен, Қырғызстанмен көпжақты шарт бар.Депутат келісім көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін және тараптардың азаматтары туралы ақпарат алмасу жөнінде тиісті құқықтық тетікті жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369294_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_a0e400500c97fa85aab16a43acf9531b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан
Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы қандай ақпаратты алмасады
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Парламент сенаты "Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімге биыл 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылды.
Келісім мына төрт бағыт бойынша ақпарат алмасуды көздейді:
визасыз кіру және шығу, мемлекет аумағында болу мақсаты бойынша азаматтарға берілген визалар саны;
бір тараптың өз мемлекетінің азаматтығына қабылданған немесе азаматтығы қалпына келтірілген екінші тараптың азаматтары туралы мәліметтер беру;
екі ел азаматтарының мүддесін қорғау үшін осы Келісім күшіне енгенге дейін өз азаматтығын ауыстырған азаматтар туралы мәліметтерді өзара алмасу;
тараптар келу, болу және кету ережелерін бұзған екінші тарап мемлекетінің азаматтарына қатысты бір-бірін хабардар ету.
"Бұл мәліметтер қос азаматтыққа қарсы күрес, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет", - деді сенат депутаты Мұрат Қадырбек.
Шартты іске асыратын құзыретті органдар ретінде: Қазақстан жағынан – ішкі істер министрлігі мен ңңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Қытай жағынан сыртқы істер министрлігі мен көші-қон істері бойынша мемлекеттік басқарма белгіленген. Осы органдар екі ел азаматтарының дербес деректерінің қорғалуы үшін жауап береді.
"Келісімде егемендікке, қауіпсіздікке қауіп төнген және заңнамаға қайшы келген жағдайда сұрау салуларды орындаудан бас тарту көзделген", - деді сенатор.
Айтуынша, бүгінде осындай екі жақты келісім бес елмен – Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекістанмен жасалған. Сондай-ақ Ресеймен, Армениямен, Қырғызстанмен көпжақты шарт бар.
Депутат келісім көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін және тараптардың азаматтары туралы ақпарат алмасу жөнінде тиісті құқықтық тетікті жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.