https://sputnik.kz/20231005/ministr-almaty-oblysynda-zorlangan-egiz-qyzdyn-zhagdayy-turaly-aytty-39081909.html
Министр Алматы облысында зорланған егіз қыздың жағдайы туралы айтты
Министр Алматы облысында зорланған егіз қыздың жағдайы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер ауруханаға түскен балалардың зорланғанын анықтаған 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T15:22+0500
2023-10-05T15:22+0500
2023-10-05T15:23+0500
зорланған бала
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:139:1280:859_1920x0_80_0_0_f0faccc0e245ea14e14a1373b28a9bf4.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдің оңтүстігінде зорланған үш жасар егіз қыз бен жеті жасар ұлдың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Балалардың жағдайы орташа ауыр. Медицина қызметкерлерінің бақылауында. Біздің медицина қызметкерлері балалар ауруханаға түскенде оларға ересектер тарапынан зорлық-зомбылық жасалғанын анықтады. Бүлдіршіндер қабылдау бөлімінде дер кезінде қаралды, құқық қорғау органдарына хабар берілді. Алған жарақатына қарай балаларға операция жасалды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жауап берді Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Айтуынша, қазір балаларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Министр дәрігерлер қай балаға және қандай ота жасағанын нақтылаған жоқ.Ғиният балалар алған жарақаты мен жасалған операцияның күрделілігіне қарай оңалтудан өтеді. Емдеу курсы, соның ішінде оңалту көмегі әрбіріне жеке тағайындалады.Бұған дейін Алматыдағы халықаралық мектепте 1-сынып оқушысына зорлық-зомбылық жасалғаны хабарланды. Полицияға ұл баланың анасы арызданған. Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шаралары басталды.Ал кеше Алматы облысының Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлағаны белгілі болды. Жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
https://sputnik.kz/20231004/anasy-bilgen-almaty-oblysynda-3-zhasar-egiz-qyzdy-ogey-nagashy-atasy-zorlady-39058059.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:0:1160:870_1920x0_80_0_0_84d7f4fbf6679d0ff2e63dd1ec61639c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорланған бала
Министр Алматы облысында зорланған егіз қыздың жағдайы туралы айтты
15:22 05.10.2023 (жаңартылды: 15:23 05.10.2023) Дәрігерлер ауруханаға түскен балалардың зорланғанын анықтаған
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдің оңтүстігінде зорланған үш жасар егіз қыз бен жеті жасар ұлдың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Балалардың жағдайы орташа ауыр. Медицина қызметкерлерінің бақылауында. Біздің медицина қызметкерлері балалар ауруханаға түскенде оларға ересектер тарапынан зорлық-зомбылық жасалғанын анықтады. Бүлдіршіндер қабылдау бөлімінде дер кезінде қаралды, құқық қорғау органдарына хабар берілді. Алған жарақатына қарай балаларға операция жасалды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жауап берді Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айтуынша, қазір балаларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Министр дәрігерлер қай балаға және қандай ота жасағанын нақтылаған жоқ.
"Бұл пациенттердің ресми мәліметі болғандықтан, қандай операция екенін жария ете алмаймын. Органдарына зақым келгендіктен, дәрігерлер тиісті операция жасады", - деді министр.
Ғиният балалар алған жарақаты мен жасалған операцияның күрделілігіне қарай оңалтудан өтеді. Емдеу курсы, соның ішінде оңалту көмегі әрбіріне жеке тағайындалады.
Бұған дейін Алматыдағы халықаралық мектепте 1-сынып оқушысына зорлық-зомбылық жасалғаны хабарланды. Полицияға ұл баланың анасы арызданған. Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шаралары басталды.
Ал кеше Алматы облысының Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлағаны белгілі болды. Жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.