https://sputnik.kz/20231005/kompaniya-qyzmetkerin-shapalaqpen-tartyp-zhibergen-eks-akimge-sot-ukimi-shyqty-39066511.html
Компания қызметкерін шапалақпен тартып жіберген экс-әкімге сот үкімі шықты
Компания қызметкерін шапалақпен тартып жіберген экс-әкімге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Экс-әкім жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтірген 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T09:20+0500
2023-10-05T09:20+0500
2023-10-05T09:20+0500
экс-әкім
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_aaca1228d89da4aa26e959355c20f58d.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ақмола облысында жұмыскерді шапалақпен бір ұрған әкім сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл оқиға Астрахан ауданында болды. Ол кезде жұмыскерді ұрған ер адам Острогорск ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Шенеунік халыққа су берілмегеннен кейін жекеменшік компанияның қызметкерімен сөзге келіп қалған. Содан жанжал шығып, оны шапалақпен желкесінен бір ұрған. Суға жауапты жұмысшы отырған жерінде етпетімен құлаған. Ертесінде әкімнің үстінен шағым түсіріпті.Сотта бұрынғы әкімнің кінәсі толығымен дәлелденді. Сараптаманың қорытындысы да көрсетілді. Онда жәбірленушінің денесі көгеріп, қан ұйып қалғаны айтылған.Осылайша, экс-әкім жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.Судья бұрынғы әкімнің алғаш рет әкімшілік жауапқа тартылғанын, сондай-ақ жұмыс орнынан оң мінездеме алып келгенін ескеріп, 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл салуға шешім шығарды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d6ec3f17a4a3d8b0278a54263bc52ac4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экс-әкім, ақмола облысы
Компания қызметкерін шапалақпен тартып жіберген экс-әкімге сот үкімі шықты
Экс-әкім жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтірген
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ақмола облысында жұмыскерді шапалақпен бір ұрған әкім сот алдында жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл оқиға Астрахан ауданында болды. Ол кезде жұмыскерді ұрған ер адам Острогорск ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Шенеунік халыққа су берілмегеннен кейін жекеменшік компанияның қызметкерімен сөзге келіп қалған. Содан жанжал шығып, оны шапалақпен желкесінен бір ұрған. Суға жауапты жұмысшы отырған жерінде етпетімен құлаған. Ертесінде әкімнің үстінен шағым түсіріпті.
Сотта бұрынғы әкімнің кінәсі толығымен дәлелденді. Сараптаманың қорытындысы да көрсетілді. Онда жәбірленушінің денесі көгеріп, қан ұйып қалғаны айтылған.
Осылайша, экс-әкім жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.
Судья бұрынғы әкімнің алғаш рет әкімшілік жауапқа тартылғанын, сондай-ақ жұмыс орнынан оң мінездеме алып келгенін ескеріп, 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл салуға шешім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.