https://sputnik.kz/20231005/eksonmobil-qazaqstanga-28-mlrd-dollar-investitsiya-saldy-39064770.html
"ЭксонМобил" Қазақстанға 28 млрд доллар инвестиция салды
"ЭксонМобил" Қазақстанға 28 млрд доллар инвестиция салды
Sputnik Қазақстан
Компания Қашаған, Теңіз және Каспий құбыры консорциумы сияқты ірі жобаларды жүзеге асыруға атсалысты 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T07:55+0500
2023-10-05T07:55+0500
2023-10-05T08:00+0500
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664731_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6814289ddfff8d639ec9362d4a43b316.jpg
АСТАНА,5 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "ЭксонМобил" компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Тараптар болашақта Теңіз кен орнында сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асыруды, Қашаған кен орнын одан әрі игеру жоспарларын, сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу және газ бөлу кешенін салу мәселелерін талқылады.Үкімет басшысы ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру экономиканың базалық салаларын дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты ол операторлардың қажеттіліктері үшін өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.Жалпы, премьер-министр Үкімет бірлескен жоспарларды іске асыру шеңберінде компаниямен сындарлы диалогқа әрқашан ашық екенін атап өтті.Ал Джон Уилан "ЭксонМобил" Қазақстанда өз өкілдігін ашқан шетелдік халықаралық мұнай компанияларының арасында алғашқылардың бірі болғанын еске салды."Бүгінгі таңда біз республикаға $28 млрд-тан астам инвестиция салдық, бұл бізді ең ірі шетелдік инвесторлардың біріне айналдырады. Қашаған, Теңіз және Каспий құбыры консорциумы сияқты ірі жобалардағы бұрыннан келе жатқан серіктес бола отырып, біз екіжақты байланыстарымыз бен стратегиялық серіктестігімізді одан әрі нығайта түсеміз деп үміттенеміз", — деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664731_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ab7e2dd59fbce508bf841b7214a4685f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция
"ЭксонМобил" Қазақстанға 28 млрд доллар инвестиция салды
07:55 05.10.2023 (жаңартылды: 08:00 05.10.2023) Компания Қашаған, Теңіз және Каспий құбыры консорциумы сияқты ірі жобаларды жүзеге асыруға атсалысты
АСТАНА,5 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "ЭксонМобил" компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Тараптар болашақта Теңіз кен орнында сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асыруды, Қашаған кен орнын одан әрі игеру жоспарларын, сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу және газ бөлу кешенін салу мәселелерін талқылады.
Үкімет басшысы ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру экономиканың базалық салаларын дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты ол операторлардың қажеттіліктері үшін өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.
"Бұл қазіргі уақытта импортталатын бірқатар мұнай-газ машина жасау өнімдеріне деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді", — деді Әлихан Смайылов.
Жалпы, премьер-министр Үкімет бірлескен жоспарларды іске асыру шеңберінде компаниямен сындарлы диалогқа әрқашан ашық екенін атап өтті.
Ал Джон Уилан "ЭксонМобил" Қазақстанда өз өкілдігін ашқан шетелдік халықаралық мұнай компанияларының арасында алғашқылардың бірі болғанын еске салды.
"Бүгінгі таңда біз республикаға $28 млрд-тан астам инвестиция салдық, бұл бізді ең ірі шетелдік инвесторлардың біріне айналдырады. Қашаған, Теңіз және Каспий құбыры консорциумы сияқты ірі жобалардағы бұрыннан келе жатқан серіктес бола отырып, біз екіжақты байланыстарымыз бен стратегиялық серіктестігімізді одан әрі нығайта түсеміз деп үміттенеміз", — деді ол.