Азия ойындары: спортшыларымыз тағы үш күміс, бір қола медальге ие болды

© туризм және спорт министрлігі Қамшыбек Қоңқабаев
 Қамшыбек Қоңқабаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан - Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз тағы 3 күміс пен 1 қола медальге ие болды.
Қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл Азия ойындарының күміс медаліне ие болды. 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда қытайлық Цяоцяо Лиге 0:4 есебімен ұтылды. Бұл 21 жастағы Лаура Әліқұлды жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі.
Сонымен қатар 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Карина Ибрагимова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Финалда ол Тайбэйден келген екі дүркін әлем чемпионы Ю Тин Лиден жеңіліп қалды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Карина Париж Олимпиадасына лицензия ұтып алған болатын.
+92 кг салмақта өнер көрсеткен боксшы Қамшыбек Құңқабаев күміс медалді жеңіп алды. Финалда ол өзбекстандық Баходир Джалоловтан жеңіліп қалды.
Грек-рим күресінен 29 жастағы Әлімхан Сыздықов 130 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Түркіменстан палуаны Айбегшазада Курраевтан 5:1 есебімен басым түсті. Осылайша, грек-рим күресінен 6 салмақта жүлдеге таласқан Қазақстан спортшыларына 1 күміс, 2 қола жүлде бұйырды.
Жаңалықтар
0