Атадан балаға мирас болған кәсіп: Рамжановтар әулетінен 10 ұстаз шыққан – видео
Атадан балаға мирас болған кәсіп: Рамжановтар әулетінен 10 ұстаз шыққан – видео
Sputnik Қазақстан
Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында мұғалімдер әулеті тұрады. Ол – Рамжановтар отбасы. Ұстаздар әулетімен Sputnik Қазақстан тілшісі тілдесіп қайтты 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
Рамжановтар әулетінің 10 мүшесі ұстаздық қызмет атқарады. Әулеттің атасы Қаби Рамжанов жазушы Қабдеш Жұмаділовтың ұстазы болған. Ол өмірінің 43 жылында тарих және география пәнінен сабақ берген. Зейнетке шыққаннан соң бірнеше кітап жазған. Жазған кітаптарының арасында бата да бар. Зейнетке шыққанда Шамалғандағы ақсақалдар кеңесін басқарған. Ұстаз-ата дүниеден өткенге дейін ұрпақ тәрбиесі туралы айтып кеткен.Қарт ұстаздың 9 ұрпағы да ата жолын қуған.Қаби атаның ұлы Еркін Рамжанов 41 жылдан бері көркем өнер пәнінен сабақ береді."Өзім бала күнімнен суретші болуды армандадым. Сол мамандықпен оқу бітірдім. Содан бері 41 жыл өтті. Қазіргі баланы бұрынғы баламен салыстыруға келмейді. Бірақ қазіргілердің көзі ашық, көкірегі ояу. Тек ата-ана мен ұстаз болып, екі жақтап тәрбиелесек, Қазақстанның болашағы кемелді болатынына сенімдімін", - дейді "Үшқоңыр" мектеп-гимназиясының мұғалімі Еркін Рамжанов.Бұл әулетте балаға алғаш қалам ұстатып жүрген бастауыш пәні мұғалімі, география, тарих пәнінің мұғалімдері бар. Еркін Рамжановтың шәкірттерінің өзі қазір мектепте мұғалім."Еркін ағай бізге сызу пәнінен сабақ берді. Өте ұқыпты, өз ісіне адал, талапшыл ұстаз. Бұл кісінің пәнінен 5 деген бағаны алудың өзі үлкен белесті бағындырумен тең еді. Қазір ағайдың жолын қуып, өзім де мұғалім болып жүрмін. Мұғалім шәкіртіне адал, талапшыл болуы керек. Сонда ғана білімді шәкірт тәрбиелей алады. Ал Еркін ағайдың бойында ұстазға қажетті осы талаптардың бәрі бар", - дейді Еркін Рамжановтың шәкірті, "Үшқоңыр" мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Сымбат Халенова.Суретші ұстаздың шәкірттері республикалық байқаулардан да жүлделі орындар алып жүр."Небір түрлі талантты оқушыларым бар. Бәрімен мақтанамын. Солар байқауға барып, жүлделі орын ала алмай қалса жүрегім қатты ауырады. Мейлі оқушымның жұмысы онша болмай тұрсын, мен үшін олар бәрібір мықты", - дейді Еркін Рамжанов.Бұл әулеттегі қай ұстаздың болсын тілегі – ата-ана мен ұстаз бірігіп еңбек етсе оқушының алмайтын қамалы жоқ."Біздің Қазақстанның жастары өте мықты. Екі жақтап тәрбие берсек, тамаша жастар шығады деп ойлаймын. Мен аға ұстаз ретінде оларға сенім білдіре аламын", - дейді аға-ұстаз Еркін Рамжанов.Қазақстан мектептерінде қазіргі күні 340 676 ұстаз ұрпаққа білім беріп жүр.
Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында мұғалімдер әулеті тұрады. Ол – Рамжановтар отбасы. Ұстаздар әулетімен Sputnik Қазақстан тілшісі тілдесіп қайтты
Рамжановтар әулетінің 10 мүшесі ұстаздық қызмет атқарады. Әулеттің атасы Қаби Рамжанов жазушы Қабдеш Жұмаділовтың ұстазы болған. Ол өмірінің 43 жылында тарих және география пәнінен сабақ берген. Зейнетке шыққаннан соң бірнеше кітап жазған. Жазған кітаптарының арасында бата да бар. Зейнетке шыққанда Шамалғандағы ақсақалдар кеңесін басқарған. Ұстаз-ата дүниеден өткенге дейін ұрпақ тәрбиесі туралы айтып кеткен.
Қарт ұстаздың 9 ұрпағы да ата жолын қуған.
Қаби атаның ұлы Еркін Рамжанов 41 жылдан бері көркем өнер пәнінен сабақ береді.
"Өзім бала күнімнен суретші болуды армандадым. Сол мамандықпен оқу бітірдім. Содан бері 41 жыл өтті. Қазіргі баланы бұрынғы баламен салыстыруға келмейді. Бірақ қазіргілердің көзі ашық, көкірегі ояу. Тек ата-ана мен ұстаз болып, екі жақтап тәрбиелесек, Қазақстанның болашағы кемелді болатынына сенімдімін", - дейді "Үшқоңыр" мектеп-гимназиясының мұғалімі Еркін Рамжанов.
Бұл әулетте балаға алғаш қалам ұстатып жүрген бастауыш пәні мұғалімі, география, тарих пәнінің мұғалімдері бар. Еркін Рамжановтың шәкірттерінің өзі қазір мектепте мұғалім.
Еркін Рамжанов 41 жылдан бері көркем өнер пәнінен сабақ береді
"Еркін ағай бізге сызу пәнінен сабақ берді. Өте ұқыпты, өз ісіне адал, талапшыл ұстаз. Бұл кісінің пәнінен 5 деген бағаны алудың өзі үлкен белесті бағындырумен тең еді. Қазір ағайдың жолын қуып, өзім де мұғалім болып жүрмін. Мұғалім шәкіртіне адал, талапшыл болуы керек. Сонда ғана білімді шәкірт тәрбиелей алады. Ал Еркін ағайдың бойында ұстазға қажетті осы талаптардың бәрі бар", - дейді Еркін Рамжановтың шәкірті, "Үшқоңыр" мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Сымбат Халенова.
Суретші ұстаздың шәкірттері республикалық байқаулардан да жүлделі орындар алып жүр.
"Небір түрлі талантты оқушыларым бар. Бәрімен мақтанамын. Солар байқауға барып, жүлделі орын ала алмай қалса жүрегім қатты ауырады. Мейлі оқушымның жұмысы онша болмай тұрсын, мен үшін олар бәрібір мықты", - дейді Еркін Рамжанов.
Бұл әулеттегі қай ұстаздың болсын тілегі – ата-ана мен ұстаз бірігіп еңбек етсе оқушының алмайтын қамалы жоқ.
"Біздің Қазақстанның жастары өте мықты. Екі жақтап тәрбие берсек, тамаша жастар шығады деп ойлаймын. Мен аға ұстаз ретінде оларға сенім білдіре аламын", - дейді аға-ұстаз Еркін Рамжанов.
Қазақстан мектептерінде қазіргі күні 340 676 ұстаз ұрпаққа білім беріп жүр.