https://sputnik.kz/20231004/sol-zhagalaudagy-alapat-ort-astanalyqtardyn-zaresin-ushyrdy-39053814.html
Сол жағалаудағы алапат өрт астаналықтардың зәресін ұшырды
Сол жағалаудағы алапат өрт астаналықтардың зәресін ұшырды
Sputnik Қазақстан
Астанада Сол жағалауда салынып жатқан мектеп ғимараты өртеніп жатыр 04.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-04T15:24+0500
2023-10-04T15:24+0500
2023-10-04T15:25+0500
өрт
елорда тынысы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/05/16463314_0:136:3159:1912_1920x0_80_0_0_0567824307ccbdb1d33ff6fd8cd2819c.jpg
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Астанада салынып жатқан жалпы білім беру орталығы ғимаратының екінші қабатында ірі өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.Сол жағалаудағы қою түтін алыстан көрініп тұр, тұрғындар әлеуметтік желілерде фото және видео бөлісіп жатыр."Өртті сөндіру үшін оқиға орнында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ведомство.Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында шамамен 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгені белгілі болды. Ғимарат Есіл ауданындағы Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында орналасқан.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/05/16463314_213:0:2944:2048_1920x0_80_0_0_4563d6da630c35c98bd9cd7ed262b649.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт
Сол жағалаудағы алапат өрт астаналықтардың зәресін ұшырды
15:24 04.10.2023 (жаңартылды: 15:25 04.10.2023) Астанада Сол жағалауда салынып жатқан мектеп ғимараты өртеніп жатыр
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Астанада салынып жатқан жалпы білім беру орталығы ғимаратының екінші қабатында ірі өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Сол жағалаудағы қою түтін алыстан көрініп тұр, тұрғындар әлеуметтік желілерде фото және видео бөлісіп жатыр.
"Өртті сөндіру үшін оқиға орнында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында шамамен 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгені белгілі болды. Ғимарат Есіл ауданындағы Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында орналасқан.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.