Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Жазылу
Қытай төріндегі теннис турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы келесі кезеңге жолдама алды
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Елена Рыбакина жарыс жолын жалғастырады. Жерлесіміз екінші айналымда Германия спортшысы Татьяна Мариямен кездесті, деп хабарлайды Хабар 24.
Бастапқыда 2 ұпаймен суырылып алға шыққан Елена екінші кезеңде де қарсыласына ес жинауға еш мүмкіндік бермеді.
Екі сетте 7:5 және 6:0 есебі тіркелді. Ел үміті – Рыбакина енді өзіненен 8 жас кіші Ресейлік Мирра Андреевамен шеберлік байқасады. Қытай төріндегі теннис турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы келесі кезеңге жолдама алды. Михаил Кукушкин екінші айналымда Австралия өкілі Люк Савиддпен ойын өткізген еді.
1 сағат 35 минутқа созылған тартыс 2 сетте де 6:3 есебімен жерлесіміздің жеңісімен түйінделді. Ал Юлия Путинцева, өкінішке қарай, сенімді ақтай алмады. Ол Франция теннисшісі Каролина Гарсияға есе жіберді.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Спорт
Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Жаңалықтар
0