https://sputnik.kz/20231004/qazmunaygaz-ben-exxon-mobil-munay-ondirudi-zhylyna-40-mln-tonnaga-deyin-ulgaytady-39060854.html
ҚазМұнайГаз бен Exxon Mobil мұнай өндіруді жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайтады
ҚазМұнайГаз бен Exxon Mobil мұнай өндіруді жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайтады
Sputnik Қазақстан
Тараптар бірлескен жобаларды талқылады 04.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-04T20:37+0500
2023-10-04T20:37+0500
2023-10-04T20:37+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39054210_0:21:1280:741_1920x0_80_0_0_127d6bdb76db6583202ca700ab7ac7d2.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) ұлттық компаниясы мен америкалық Exxon Mobil арасындағы бірлескен жоба Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 40 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Exxon Mobil компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесті. Тараптар бірлескен жобаларды талқылады."Атап айтқанда, мұнай өндіруді 40 миллион тоннаға дейін арттыратын Теңіз кен орнындағы келешек кеңейту жобасының (ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасы) құрылыс жұмыстары соңғы сатыда тұр", - деп жазылған хабарламада.Тараптар КҚК құбыры арқылы сенімді мұнай экспортын қамтамасыз етудің маңыздылығын растады. Сондай-ақ экспорттық бағыттарды, оның ішінде Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) бағытында әртараптандыру бойынша жемісті бірлескен жұмысты атап өтті.Кездесуде Қашағанды игеру жайы да талқыланып, кен орнын игерудің алдағы кезеңдерін дер кезінде жүзеге асырудың стратегиялық қажеттілігі баса айтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39054210_132:0:1148:762_1920x0_80_0_0_3cd9e945b0fd8491b98d118bfd338e5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
ҚазМұнайГаз бен Exxon Mobil мұнай өндіруді жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайтады
Тараптар бірлескен жобаларды талқылады
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) ұлттық компаниясы мен америкалық Exxon Mobil арасындағы бірлескен жоба Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 40 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Exxon Mobil компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесті. Тараптар бірлескен жобаларды талқылады.
"Атап айтқанда, мұнай өндіруді 40 миллион тоннаға дейін арттыратын Теңіз кен орнындағы келешек кеңейту жобасының (ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасы) құрылыс жұмыстары соңғы сатыда тұр", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар КҚК құбыры арқылы сенімді мұнай экспортын қамтамасыз етудің маңыздылығын растады. Сондай-ақ экспорттық бағыттарды, оның ішінде Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) бағытында әртараптандыру бойынша жемісті бірлескен жұмысты атап өтті.
Кездесуде Қашағанды игеру жайы да талқыланып, кен орнын игерудің алдағы кезеңдерін дер кезінде жүзеге асырудың стратегиялық қажеттілігі баса айтылды.