https://sputnik.kz/20231004/qazaqstannyn-biraz-onirinde-bazar-saudasyn-uakhabister-basyp-barady--deputat---39042043.html
Қазақстанның біраз өңірінде базар саудасын уахабистер басып барады – депутат
Қазақстанның біраз өңірінде базар саудасын уахабистер басып барады – депутат
Sputnik Қазақстан
Бәпидің айтуынша, "мемлекет – діннен бөлек" немесе "дін – мемлекеттен бөлек" деп сырттай бақылаушы болып, самарқау отыруға болмайды 04.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-04T12:39+0500
2023-10-04T12:39+0500
2023-10-04T12:39+0500
депутат
депутаттық сауал
дін
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129503_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_10c811cb4d475c08f135fdf3744842bb.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік билікте уахабизмді қолдайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Депутаттың айтуынша, соңғы бірер жылда ислам дінін жамылған жат ағымдар қазақстандық қоғамға әлеуметтік-тұрмыстық жарықшақ салып, ол саңылау барған сайын ажырап барады. Мысалы, парламент депутаты Ринат Зайытовтың азаматтық пікіріне қарсы шабуылдар осындай саяси қатердің сипатын сездірді. "Қоғамды арабтық-уахабтық діни ұстаным негізінде бөлшектеуге бағытталған бұл әрекеттерге біз – депутаттар жайбарақат қарап отыра алмаймыз! Біз мыңжылдық домбыраны харам қылуға жол бермейміз! Бұл әрекеттер елдің ұлттық құндылықтар жүйесі мен рухани негізіне жасалып жатқан шабуыл деп түсіну керек!", - деп мәлімдеді Бәпи. Айтуынша, исламдық секта Қазақстанның біраз аймағында: әсіресе Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірінде етек жайып барады. "Бұл өңірлердің шағын бизнесін, әсіресе базар саудасы төңірегін уахабшылар – салафизм идеясына табынушылар басып барады. Яғни, теріс сектаның дамуына кеңінен мүмкіндік беріп, жан-жақты жағдай жасап отырған жергілікті билік өкілдері бар деген сөз. Жасыратыны жоқ, уақытында елге танымал азаматтар, оның ішінде депутаттар да қоғамға салафизм мен арабизацияны енгізуге тырысты. Жақтаушылар іздеп, қолдаушылар тапқаны да бар. Мемлекеттік биліктің өз ішінде де уахабизм мен жат ағымдарды насихаттауды қолдайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар деген дерек менің құлағыма жетті", - дейді Ермұрат Бәпи. Ол "Ескі Қазақстан" осы қатердің шоғын үрлей түсіп жатқанын мойындады. "Қазақтың ұлттық дамуына қатерлі уахабизм идеясын халықтың біраз бөлігіне сіңірген "ескі режим" елді әлеуметтік топтарға бөлу арқылы өзінің жеке дара билігін мейілінше ұзақ сақтауды көкседі. Бүгінде сол "ескі Қазақстан" қазақтың ұлттық дәстүріне жат діни идеология арқылы "Жаңа Қазақстанның" жасампаздық жолына кесе көлденең тұруға ниетті. Оның алғашқы қанды нәтижесін Қаңтар оқиғасы кезінде көрдік", - дейді мәжілісмен. Депутат ендігі жерде "мемлекет – діннен бөлек" немесе "дін – мемлекеттен бөлек" деп, сырттай бақылаушы болып, самарқау отыруға болмайтынын айтты. Себебі мұндай саяси тоғышарлық позиция біздің ұлттық тұтастығымыз бен мемлекеттік бірлігімізге бірте-бірте ор қазып жатқынын түсінетін кез келді, деп санайды ол. Осы орайда депутат үкіметтің қоғамның діни негізде бөлшектену қаупіне қарсы іс-қимыл жоспары бар ма деп сұрады. Депутат ұлт бірлігі мен мемлекеттің тұрақты даму жағдайын сақтауға үкімет пен парламент мүдделі болуы керек деп есептейді. "Егер үкімет тарапынан қандай да бір тиісті құжат қабылдау бастамасы туатын болса, депутаттар оны қолдайды деген сенімім зор", - деп түйіндеді сөзін Бәпи.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129503_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_fd938ea0be45926c7c5fbcaee3d5d2d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, депутаттық сауал, дін
депутат, депутаттық сауал, дін
Қазақстанның біраз өңірінде базар саудасын уахабистер басып барады – депутат
Бәпидің айтуынша, "мемлекет – діннен бөлек" немесе "дін – мемлекеттен бөлек" деп сырттай бақылаушы болып, самарқау отыруға болмайды
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік билікте уахабизмді қолдайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, соңғы бірер жылда ислам дінін жамылған жат ағымдар қазақстандық қоғамға әлеуметтік-тұрмыстық жарықшақ салып, ол саңылау барған сайын ажырап барады.
"Бұл теріс діни үрдіс саяси сипат алып бара жатқан жоқ па деген қатер бар. Себебі халықтың кемшін діни білім-танымын пайдаланған теріс діни топ жанталасып, қоғамға жалған рухани құндылықтар мен бөтен дәстүрлерді сіңіру қамын жасап жүр", - дейді ол.
Мысалы, парламент депутаты Ринат Зайытовтың азаматтық пікіріне қарсы шабуылдар осындай саяси қатердің сипатын сездірді.
"Қоғамды арабтық-уахабтық діни ұстаным негізінде бөлшектеуге бағытталған бұл әрекеттерге біз – депутаттар жайбарақат қарап отыра алмаймыз! Біз мыңжылдық домбыраны харам қылуға жол бермейміз! Бұл әрекеттер елдің ұлттық құндылықтар жүйесі мен рухани негізіне жасалып жатқан шабуыл деп түсіну керек!", - деп мәлімдеді Бәпи.
Айтуынша, исламдық секта Қазақстанның біраз аймағында: әсіресе Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірінде етек жайып барады.
"Бұл өңірлердің шағын бизнесін, әсіресе базар саудасы төңірегін уахабшылар – салафизм идеясына табынушылар басып барады. Яғни, теріс сектаның дамуына кеңінен мүмкіндік беріп, жан-жақты жағдай жасап отырған жергілікті билік өкілдері бар деген сөз. Жасыратыны жоқ, уақытында елге танымал азаматтар, оның ішінде депутаттар да қоғамға салафизм мен арабизацияны енгізуге тырысты. Жақтаушылар іздеп, қолдаушылар тапқаны да бар. Мемлекеттік биліктің өз ішінде де уахабизм мен жат ағымдарды насихаттауды қолдайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар деген дерек менің құлағыма жетті", - дейді Ермұрат Бәпи.
Ол "Ескі Қазақстан" осы қатердің шоғын үрлей түсіп жатқанын мойындады.
"Қазақтың ұлттық дамуына қатерлі уахабизм идеясын халықтың біраз бөлігіне сіңірген "ескі режим" елді әлеуметтік топтарға бөлу арқылы өзінің жеке дара билігін мейілінше ұзақ сақтауды көкседі. Бүгінде сол "ескі Қазақстан" қазақтың ұлттық дәстүріне жат діни идеология арқылы "Жаңа Қазақстанның" жасампаздық жолына кесе көлденең тұруға ниетті. Оның алғашқы қанды нәтижесін Қаңтар оқиғасы кезінде көрдік", - дейді мәжілісмен.
Депутат ендігі жерде "мемлекет – діннен бөлек" немесе "дін – мемлекеттен бөлек" деп, сырттай бақылаушы болып, самарқау отыруға болмайтынын айтты. Себебі мұндай саяси тоғышарлық позиция біздің ұлттық тұтастығымыз бен мемлекеттік бірлігімізге бірте-бірте ор қазып жатқынын түсінетін кез келді, деп санайды ол.
Осы орайда депутат үкіметтің қоғамның діни негізде бөлшектену қаупіне қарсы іс-қимыл жоспары бар ма деп сұрады. Депутат ұлт бірлігі мен мемлекеттің тұрақты даму жағдайын сақтауға үкімет пен парламент мүдделі болуы керек деп есептейді.
"Егер үкімет тарапынан қандай да бір тиісті құжат қабылдау бастамасы туатын болса, депутаттар оны қолдайды деген сенімім зор", - деп түйіндеді сөзін Бәпи.