Мәслихат сайлауы: Орталық сайлау комиссиясы 90-нан астам кандидатты тіркеді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Жазылу
Сайлау 2023 жылдың 29 қазанында республиканың 21 сайлау округінде өтеді
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқаны аясында кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Сайлау 2023 жылдың 29 қазанында республиканың 21 сайлау округінде өтеді.
Ұсынылған 109 кандидаттың 6-уы жеке өтініші негізінде сайлауға қатысудан бас тартты, 12 кандидаттың құжаты толық болмай шыққан. Осылайша 91 кандидат тіркелді.
"Қазіргі уақытта шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауда бір бос депутаттық мандатқа орташа 4-тен астам кандидаттан келеді", - деп жазылған Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.
Ең үлкен бәсекелестік бір мандатқа 12 және 8 кандидат Алматы (№4 округ) және Семей қаласында (№ 19 округ).
Тіркелген 91 кандидаттың 24 -ін саяси партиялар ұсынған, 67-і өзін-өзі ұсынған. Оның 79-ы (86,81%) ер адам, 12-сі (13,19%) әйел адам. Кандидаттар арасында 5 этнос өкілдері бар.
64,84% кандидат саяси партиялардың мүшесі, 16,48% партия қатарында жоқ, 18,68% партияға қатыс бар-жоғын көрсетпеген.
Орташа жас - 42,9 жас.
78 (85,71%) кандидаттың жоғары білімі, 10-ның (10,99%) – орта кәсіптік білімі және 3-еуінің (3,30%) – орта білімі бар.
Кандидаттардың 28,57 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 45,05 % - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді; 6,59% - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1,1% - уақытша жұмыс істемейтіндер, 2,20% - зейнеткер, 16,49% - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 28 қазанда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Жаңалықтар
0