https://sputnik.kz/20231004/eaeo-ayasyndagy-auditorlyq-qyzmet-turaly-kelisim-ratifikatsiyalandy-39038455.html
ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызмет туралы келісім ратификацияланды
ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызмет туралы келісім ратификацияланды
Sputnik Қазақстан
Келісімге былтыр сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған 04.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-04T11:41+0500
2023-10-04T11:41+0500
2023-10-04T11:41+0500
еаэо
ерұлан жамаубаев
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4adb35cf617af745e47ce0ada7d2d2a2.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісі "Еуразиялық экономикалық одақ аясында аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімге 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылды.Келісімнің негізгі мақсаты – Одақтың аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру, шектеусіз және алып қоюсыз, орналасқан елде қосымша мекемесіз аудиторлық қызметтерді жеткізу және алу, аудиторлардың біліктілік аттестаттары мен аудиторлық қорытындыларын өзара тану.Оның айтуынша, Қазақстан үшін аудиторлық қызметті ішкі реттеудің кейбір ерекшеліктері Келісімнің 32-бабында ескерілген. Бұл ерекшеліктер қазақстандық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтарына қысым көрсетпеуге мүмкіндік береді.Келісімнің күшіне енуі екі сатыдан тұрады:Келісімді ратификациялау Қазақстан үшін жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді, деп атап өтті министр.Мәжіліс заңды қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.
https://sputnik.kz/20231002/eaeo-da-biryngay-munay-pasporty-kushine-endi-38944173.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_b5f210999a729a0779cdcac807f8100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, ерұлан жамаубаев
ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызмет туралы келісім ратификацияланды
Келісімге былтыр сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісі "Еуразиялық экономикалық одақ аясында аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімге 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылды.
Келісімнің негізгі мақсаты – Одақтың аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру, шектеусіз және алып қоюсыз, орналасқан елде қосымша мекемесіз аудиторлық қызметтерді жеткізу және алу, аудиторлардың біліктілік аттестаттары мен аудиторлық қорытындыларын өзара тану.
"Осы келісім аудиторларға, аудиторлық ұйымдарға, аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығының пайда болуы мен тоқтатылуына, емтихандарға, сапаны сыртқы бақылауға және аудиторлық қызмет стандарттарына қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды", - деді вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін аудиторлық қызметті ішкі реттеудің кейбір ерекшеліктері Келісімнің 32-бабында ескерілген. Бұл ерекшеліктер қазақстандық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтарына қысым көрсетпеуге мүмкіндік береді.
Келісімнің күшіне енуі екі сатыдан тұрады:
-ратификациялаудан кейін мүше мемлекеттерде аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын құрудың ұйымдастыру мәселелеріне қатысты баптар күшіне енеді;
Одақтың Жоғарғы кеңесінің шешімімен айқындалған күннен бастап бірыңғай нарық жұмыс істеп бастайды.
Келісімді ратификациялау Қазақстан үшін жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді, деп атап өтті министр.
Мәжіліс заңды қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.