Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржыны төрт медальмен толықты

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Жазылу
Оның біреуі күміс, үшеуі қола
АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Финалда отандасымыз жапон Кацуки Эндодан 4:3 есебіменұтылды.
Ал грек-рим күресінің шебері Азат Садықов қола жүлдеге қол жеткізді. Белдесу болған жоқ – Азаттың қарсыласы камбоджалық Софак Кео күресуден бас тартты.
Әйелдер арасындағы бокстан 66 келіге дейінгі салмақтажұдырықтасатын Наталья Богданова жартылай финалда таиландтық Джанджай Суваннапхенгтен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров қола медаль жеңіп алды. Уваров 81 келіге дейінгі салмақта 348 (154+194) келіні көтерді. 364 (169+195) келіні көтерген солтүстіккореялық Чонгсон Ри чемпион атанды. Ол Азия ойындарының рекордын орнатты. Екінші орынды өзбекстандық Мухаммадкодир Тоштемировиеленді – 351 (159+192) келі.
Барлығы Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 51 медаль бар: бес алтын, 11 күміс және 35 қола.
Алексей Луценко на Олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Азия ойындары: ел қоржынына бесінші алтын түсті
Жаңалықтар
0