Ақтөбе облысының салық органдары кәсіпкерлердің шоттарын заңсыз бұғаттаған

CC0 / Oliver Menyhart / Документы
Документы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Жазылу
Бұл кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді
АЛМАТЫ, 4 қазан — Sputnik. Ақтөбе облысында прокурорлар кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары биыл камералдық бақылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің шоттарын бұғаттаған.
"20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарлама жіберіп, шоттарын бұғаттаған. Бұл кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Қойылған хабарламалардың заңдылығын тексерген прокуратура хабарламаларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді", - дейді ведомстводағылар.
Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі мамандар жауапқа тартылған. Салық органының басқа да актілерінің заңды немесе заңсыз екені тексеріліп жатыр.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Алматылық кәсіпкерлер екі жыл бойы электр энергиясы үшін негізсіз төлем жасаған
Жаңалықтар
0