Денсаулық

Антикор денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Жазылу
Талдау барысында "СК-Фармацияның" қызметі де зерделенеді
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау бастады.
"Талдау аясында медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медицина мекемелері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және "СК-Фармация" ЖШС қызметі мәселелері зерделенеді", - деп хабарлайды Антикор.
Талдауды Антикор, денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды да талдауға қатысуға шақырды.
Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қатысты ұсыныстарды abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электронды поштасына жіберуді сұрады.
Айта кетері, қазақстандықтар жемқорлық фактілері туралы @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлай алады.
 Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Дәрігерлер қордан көбірек ақша шығару үшін өлген адамдарға да дәрі-дәрмек жазған
Жаңалықтар
0