https://sputnik.kz/20231003/zhambyl-oblysynda-zharylgan-snaryadtan-ofitserler-zharaqat-algan--38970981.html
Жамбыл облысында жарылған снарядтан офицерлер жарақат алған
Жамбыл облысында жарылған снарядтан офицерлер жарақат алған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Қарудың дұрыс атылмай, үш офицер жазым бола жаздады, деп хабарлайды КТК. 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T07:05+0500
2023-10-03T07:05+0500
2023-10-03T07:18+0500
жамбыл облысы
снаряд
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f2d4fd21cee03c37bcfd3e863164b4f0.jpg
АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Қарудың дұрыс атылмай, үш офицер жазым бола жаздады, деп хабарлайды КТК.Жамбылда облысындағы "Айша бибі" әскери полигонында снаряд жарылып, офицерлер жарақат алды. Ауруханаға жедел жеткізілген Ұлттық ұланның бір жауынгері Шымкентке жіберілсе, енді бірі Тараздағы жансақтау бөлімінен бірақ шыққан.Ал 26 жастағы офицердің аяғы сынған. Ота жасалған қос жауынгердің беті бері қарады дейді дәрігерлер. Тараз маңындағы полигонға жауынгерлер Ұлттық ұланның Шымкенттегі әскери бөлімінен келген. Оқу-жаттығу жиыны кезінде кенет артиллериялық қарулардың бірі дұрыс атылмай, 82 милиметрлік снаряд офицерлердің қасына құлаған. Қазір әскери полиция осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Ал жазатайым жағдайды командирлер көзбен көрсе де, оқиғаның қалай болғанын ашып айтпай отыр. "Оқу-жаттығу кезінде артиллериялық қаруды жоспарлы ату кезінде снаряд жарылды. Тергеуді Тараз гарнизонының әскери полициясы жүргізіп жатыр. Ал минометтердің барлығы қолдануға жарамды. Қанағаттандырарлық күйде. Офицерлер жарақатынан жазылған бойда қатарға қайта қосылады", - дейді Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 6506 әскери бөлімінің командирі Марат Рахпанов.
https://sputnik.kz/20230906/zhambyl-oblysyndagy-zharylys-eki-sarbaz-13-zhylga-sottaluy-mumkin-38225056.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_212bc6f3dcbf113efde67192251c075c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, снаряд
Жамбыл облысында жарылған снарядтан офицерлер жарақат алған
07:05 03.10.2023 (жаңартылды: 07:18 03.10.2023) АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Қарудың дұрыс атылмай, үш офицер жазым бола жаздады, деп хабарлайды
КТК. Жамбылда облысындағы "Айша бибі" әскери полигонында снаряд жарылып, офицерлер жарақат алды. Ауруханаға жедел жеткізілген Ұлттық ұланның бір жауынгері Шымкентке жіберілсе, енді бірі Тараздағы жансақтау бөлімінен бірақ шыққан.
Ал 26 жастағы офицердің аяғы сынған. Ота жасалған қос жауынгердің беті бері қарады дейді дәрігерлер. Тараз маңындағы полигонға жауынгерлер Ұлттық ұланның Шымкенттегі әскери бөлімінен келген. Оқу-жаттығу жиыны кезінде кенет артиллериялық қарулардың бірі дұрыс атылмай, 82 милиметрлік снаряд офицерлердің қасына құлаған.
Қазір әскери полиция осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Ал жазатайым жағдайды командирлер көзбен көрсе де, оқиғаның қалай болғанын ашып айтпай отыр.
"Оқу-жаттығу кезінде артиллериялық қаруды жоспарлы ату кезінде снаряд жарылды. Тергеуді Тараз гарнизонының әскери полициясы жүргізіп жатыр. Ал минометтердің барлығы қолдануға жарамды. Қанағаттандырарлық күйде. Офицерлер жарақатынан жазылған бойда қатарға қайта қосылады", - дейді Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 6506 әскери бөлімінің командирі Марат Рахпанов.