Қоғам

Жалған техникалық байқау үшін айыппұл мөлшері 517 мың теңгеге дейін өседі

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Жазылу
Жыл басынан бері техникалық байқау өткізетін 350 оператордың қызметі тоқтатылған
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанда техникалық байқау операторларына жалған техникалық байқау өткізгені үшін салынатын айыппұл мөлшерін 15 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрінің міндетін атқарушы – азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, уәкілетті орган жалған техникалық байқаулардың күшін жою бойынша заңнамалық тетік әзірледі.
"Автомобильдердің жай-күйін назарға ала отырып, техникалық байқау операторларына көліксіз техникалық байқау жүргізгені үшін салынатын айыппұл мөлшерін 10-нан 150 АЕК-ке дейін (517 500 теңге) ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ көлік иелеріне жалған техникалық байқаудан өткені үшін және операторға техникалық байқауды ұйымдастыру әрі өткізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар енгізіледі. Айыппұл мөлшері тиісінше 5 және 150 АЕК болады", - деді Ластаев үкімет отырысында.
Ол жыл басынан бері Қазақстанда техникалық байқаудан өткізетін 350 оператордың қызметі тоқтатылып, айыппұл салумен 131 әкімшілік материал рәсімделгенін атап өтті.
Таксист - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Индрайвер жүргізушілеріне рөлде 8 сағаттан артық отыруға тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0