https://sputnik.kz/20231003/qazaqstanda-elektrokolik-bir-zhylda-10-ese-kobeydi-39019679.html
Қазақстанда электр көлігі бір жылда 10 есе көбейді
Қазақстанда электр көлігі бір жылда 10 есе көбейді
Sputnik Қазақстан
Электрокөліктің 59%-ы Алматыда тіркелген 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T20:07+0500
2023-10-03T20:07+0500
2023-10-03T20:10+0500
жеңіл көлік
https://sputnik.kz/img/321/43/3214305_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_79627f35a042f2cfaf92d6ebc8870107.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанда бір жылда 4,4 млн жеңіл көлік тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ке артты, деп хабарлады Energyprom.Елдегі көліктердің басым бөлігі – 3,9 млн көлік бензинмен жүреді. Сондай-ақ дизель отынымен — 83,2 мың автокөлік, газ баллонды отынмен — 5,4 мың, электр энергиясымен — 4,7 мың, аралас отынмен (бензин, газ баллонды отын және электр қозғалтқышты) — 366,4 мың автокөлік тіркелген. 90,8 мың көлікті тіркеу кезінде жанармайдың түрі көрсетілмеген.Ең бастысы, тіркелген электр көліктерінің саны 10,4 есе, бензинмен жүретін көліктер саны 14,9%, дизельді көліктер 12,2%, газбен жүретін көліктер 38,2%, аралас көліктер саны 19,3% көбейген.Дегенмен Қазақстандағы электркөліктердің үлесі жалпы көлік санының 0,11%-ын ғана құраған. Алайда былтыр бұл көрсеткіш тіпті 0,01% ғана болған.Өңірлер бойынша ең көп электрокөлік Алматыда тіркелген: 2,8 мың, бір жыл бұрын 40 электрокөлік қана болған. Жылдық өсім 68,8 есе. Алматыда мұндай көліктердің үлесі бір жыл бұрын 8,9% болса, қазір 59%.Екінші және үшінші орында Астана (бір жыл бұрын 12 электрокөлік, қазір 550) және Алматы облысы (бір жыл бұрын 1 ғана электрокөлік болса, қазір 208).Электр қозғалтқышы бар көліктер ең аз өңір Абай (8), Солтүстік Қазақстан (14) және Жетісу (21) облыстары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/321/43/3214305_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_410f6ed9c9652b6d774cb282b35c8643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіл көлік
Қазақстанда электр көлігі бір жылда 10 есе көбейді
20:07 03.10.2023 (жаңартылды: 20:10 03.10.2023) Электрокөліктің 59%-ы Алматыда тіркелген
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанда бір жылда 4,4 млн жеңіл көлік тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ке артты, деп хабарлады
Energyprom.
Елдегі көліктердің басым бөлігі – 3,9 млн көлік бензинмен жүреді. Сондай-ақ дизель отынымен — 83,2 мың автокөлік, газ баллонды отынмен — 5,4 мың, электр энергиясымен — 4,7 мың, аралас отынмен (бензин, газ баллонды отын және электр қозғалтқышты) — 366,4 мың автокөлік тіркелген. 90,8 мың көлікті тіркеу кезінде жанармайдың түрі көрсетілмеген.
Ең бастысы, тіркелген электр көліктерінің саны 10,4 есе, бензинмен жүретін көліктер саны 14,9%, дизельді көліктер 12,2%, газбен жүретін көліктер 38,2%, аралас көліктер саны 19,3% көбейген.
Дегенмен Қазақстандағы электркөліктердің үлесі жалпы көлік санының 0,11%-ын ғана құраған. Алайда былтыр бұл көрсеткіш тіпті 0,01% ғана болған.
Өңірлер бойынша ең көп электрокөлік Алматыда тіркелген: 2,8 мың, бір жыл бұрын 40 электрокөлік қана болған. Жылдық өсім 68,8 есе. Алматыда мұндай көліктердің үлесі бір жыл бұрын 8,9% болса, қазір 59%.
Екінші және үшінші орында Астана (бір жыл бұрын 12 электрокөлік, қазір 550) және Алматы облысы (бір жыл бұрын 1 ғана электрокөлік болса, қазір 208).
Электр қозғалтқышы бар көліктер ең аз өңір Абай (8), Солтүстік Қазақстан (14) және Жетісу (21) облыстары.