https://sputnik.kz/20231003/qazaqstan-men-azerbayzhan-kaspiyde-birlesken-zhattygu-otkizedi-38971103.html
Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде бірлескен жаттығу өткізеді
Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде бірлескен жаттығу өткізеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның "Хазри-2023" әскери-теңіз жаттығуы өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі. 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T07:37+0500
2023-10-03T07:37+0500
2023-10-03T07:37+0500
әзербайжан
қазақстан
каспий
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38970512_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ea89bd485fe0173c2e54b04e498766c3.jpg
АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның "Хазри-2023" әскери-теңіз жаттығуы өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі. Әзербайжанның астанасы Бакуге Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен "Сарыарқа", "Орал" зымыранды-артиллериялық корабльдерімен және "Жайық" гидрографиялық кемесімен Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері келді. "Хазри-2023" бірлескен оқу-жаттығу жоспарына брифинг, әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығулары, корабльдерді ұрысқа үйлестіру, оқу-жаттығу шеңберінде жауынгерлік іс-қимыл өткізу жоспарланған. Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері қауіп төнген жағдайда террористік топтарды бейтараптандыру, әуе және құрлық нысандарын жою, азаматтық корабльдер мен оның экипажын азат ету, зардап шеккен кемеге көмек көрсету бойынша сценарийлер мен эпизодтарды пысықтайды. Бұл шаралар бірлескен операцияларды жоспарлау және іске асыру дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелердің тиімді және келісімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.
әзербайжан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38970512_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_2f416e7bcccbb3553fb59f4ca19af479.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан, қазақстан, каспий, оқу-жаттығулар
әзербайжан, қазақстан, каспий, оқу-жаттығулар
Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде бірлескен жаттығу өткізеді
АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның "Хазри-2023" әскери-теңіз жаттығуы өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Әзербайжанның астанасы Бакуге Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен "Сарыарқа", "Орал" зымыранды-артиллериялық корабльдерімен және "Жайық" гидрографиялық кемесімен Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері келді.
"Хазри-2023" бірлескен оқу-жаттығу жоспарына брифинг, әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығулары, корабльдерді ұрысқа үйлестіру, оқу-жаттығу шеңберінде жауынгерлік іс-қимыл өткізу жоспарланған.
Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері қауіп төнген жағдайда террористік топтарды бейтараптандыру, әуе және құрлық нысандарын жою, азаматтық корабльдер мен оның экипажын азат ету, зардап шеккен кемеге көмек көрсету бойынша сценарийлер мен эпизодтарды пысықтайды.
Бұл шаралар бірлескен операцияларды жоспарлау және іске асыру дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелердің тиімді және келісімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.