https://sputnik.kz/20231003/darigerler-mugedek-bolyp-qalgan-buldirshinnin-ata-anasyna-10-mln-tenge-toleydi-39017323.html
Дәрігерлер мүгедек болып қалған бүлдіршіннің ата-анасына 10 млн теңге төлейді
Дәрігерлер мүгедек болып қалған бүлдіршіннің ата-анасына 10 млн теңге төлейді
Sputnik Қазақстан
Жітіқара аудандық ауруханасының дәрігерлері жүктілік кезінде іштегі баланың сырқатын дер кезінде анықтамаған 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T18:38+0500
2023-10-03T18:38+0500
2023-10-03T19:38+0500
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. Қостанай облысында мүгедек болып қалған 8 айлық бүлдіршіннің ата-анасы Жітіқара аудандық ауруханасынан 10 миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Астана тұрғыны Қостанай қалалық сотына облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, Жітіқара аудандық ауруханасынан және Қостанай облыстық ауруханасынан материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап арыз түсірген.Сот жасалған ем-дом мен баланың сырқаты арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады. Оның қорытындысы бойынша себеп-салдарлық байланыс анықталмады. Сараптамада балада анықталған сырқат күшейе түсіп, қайтымсыз салдарға әкеп соқтыратын ауру тудырушы процестің дамуына әкелген болуы мүмкін екені айтылған."Сондай-ақ сарапшылардың қорытындысы ескеріліп, баланың анасын жүктілік кезінде бақылаған емдеу мекемесінің, яғни Жітіқара аудандық ауруханасының кінәсі анықталды", - деп жазылған соттың хабарламасында.Сот талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырып, Жітіқара аудандық ауруханасынан 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірді. Ал қалған талаптарды қанағаттандырудан бас тартты.Шешім заңды күшіне енген жоқ.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы
Дәрігерлер мүгедек болып қалған бүлдіршіннің ата-анасына 10 млн теңге төлейді
18:38 03.10.2023 (жаңартылды: 19:38 03.10.2023) Жітіқара аудандық ауруханасының дәрігерлері жүктілік кезінде іштегі баланың сырқатын дер кезінде анықтамаған
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. Қостанай облысында мүгедек болып қалған 8 айлық бүлдіршіннің ата-анасы Жітіқара аудандық ауруханасынан 10 миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астана тұрғыны Қостанай қалалық сотына облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, Жітіқара аудандық ауруханасынан және Қостанай облыстық ауруханасынан материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап арыз түсірген.
"Талапкер сегіз айлық баласының сырқаттануына байланысты аудандық ауруханаға жүгінген. Кейін оларды облыстық балалар ауруханасына жіберген. Емдеу барысында о баста диагноз уақытылы қойылмауынан баланың денсаулығына ауыр зардаптар келіп, салдарынан мүгедек болып қалғаны анықталды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот жасалған ем-дом мен баланың сырқаты арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады. Оның қорытындысы бойынша себеп-салдарлық байланыс анықталмады. Сараптамада балада анықталған сырқат күшейе түсіп, қайтымсыз салдарға әкеп соқтыратын ауру тудырушы процестің дамуына әкелген болуы мүмкін екені айтылған.
"Сондай-ақ сарапшылардың қорытындысы ескеріліп, баланың анасын жүктілік кезінде бақылаған емдеу мекемесінің, яғни Жітіқара аудандық ауруханасының кінәсі анықталды", - деп жазылған соттың хабарламасында.
Сот талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырып, Жітіқара аудандық ауруханасынан 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірді. Ал қалған талаптарды қанағаттандырудан бас тартты.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.