Ақордада Қытайға мұнай экспортын ұлғайту мәселесі қаралды

© Photo : АО "КазМунайГаз - переработка и маркетинг"Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Жазылу
Тоқаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Қазақстан мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар кездесуде Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу – Бозой – Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының ҚХР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелер қарастырылды.
Атырауский нефтеперерабатывающий завод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2023
Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтатылды
Жаңалықтар
0