https://sputnik.kz/20231003/almatydagy-7-zhasar-balany-zorlau-isi-azirge-kudikti-zhoq-38979376.html
Алматыдағы 7 жасар баланы зорлау ісі: әзірге күдікті жоқ
Алматыдағы 7 жасар баланы зорлау ісі: әзірге күдікті жоқ
Sputnik Қазақстан
Бұл іс бойынша тиісті сараптамалар жасалады 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T10:39+0500
2023-10-03T10:39+0500
2023-10-03T10:39+0500
алматы
зорлау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/01/14854577_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_5f214834938fd2a550efbcd98b8e0858.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы жекеменшік мектепте жеті жасар баланы зорлау фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Зорлау ісі бойынша әзірге күдіктілер жоқ.Еске сала кетейік, жаға ұстатарлық оқиға Алматыдағы халықаралық мектепте болған. Оқушының анасы әлеуметтік желіде видео жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бірінші сыныпқа барған ұлы үйге жыртық шалбармен келген. Анасы оны тігуге алғанда шалбардың артқы жағы жыртылғанын байқаған. Одан әрі іш киімін тексерген, онысы теріс киілген. Шалбар мен іш киімнен ақ дақтың іздерін көрген. Әрі қарай баланың тоқ ішегі мен жамбасында жараның ізі барын байқаған.Әйел полицияға арызданды. Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
https://sputnik.kz/20231001/almatyda-7-zhasar-balany-zorlau-faktisiboyynsha-qylmystyq-is-qozgaldy-38921894.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/01/14854577_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_5c9837ab59f24c2921918c032ff258b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, зорлау
Алматыдағы 7 жасар баланы зорлау ісі: әзірге күдікті жоқ
Бұл іс бойынша тиісті сараптамалар жасалады
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы жекеменшік мектепте жеті жасар баланы зорлау фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Зорлау ісі бойынша әзірге күдіктілер жоқ.
"Әзірге күдіктілер бойынша ақпарат жоқ. Қажетті сараптамалар жасалады. Тергеу нәтижесін күтейік", - деді Қожаев үкіметте өткен брифингте.
Еске сала кетейік, жаға ұстатарлық оқиға Алматыдағы халықаралық мектепте болған. Оқушының анасы әлеуметтік желіде видео жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бірінші сыныпқа барған ұлы үйге жыртық шалбармен келген.
Анасы оны тігуге алғанда шалбардың артқы жағы жыртылғанын байқаған. Одан әрі іш киімін тексерген, онысы теріс киілген. Шалбар мен іш киімнен ақ дақтың іздерін көрген. Әрі қарай баланың тоқ ішегі мен жамбасында жараның ізі барын байқаған.
Әйел полицияға арызданды. Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.