Өңірлер

Шымкентте іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2023
Жазылу
Ер адам Өзбекстаннан қашып келген
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Шымкент полицейлері халықаралық іздеу жарияланған аса қауіпті қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұран АПБ-ның көші-қон қызметкерлері жергілікті полиция бөлімінің тәртіп сақшыларымен бірлесіп, ел аумағында заңсыз жүрген 34 жастағы шетелдікті ұстады. Ер адам былтырдан бері Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген.
Құқық бұзушы Өзбекстанда халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды. Көрші елдің полициясы ер адамның қаруы болуы мүмкін екенін де көрсеткен. Алайда шетелдіктен ешқандай қару табылмады.
Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Оны Өзбекстанға экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Шығыс Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Жаңалықтар
0