Қостанайда есірткі таратқан студенттердің соты университетте өтті

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2023
Жазылу
Олар есірткіні үйлердің кіреберісінде, соның ішінде пошта жәшіктеріне жасырған
АЛМАТЫ, 2 қазан – Sputnik. Қостанай облысында есірткі таратқан екі студентке сот үкімі оқу орнында шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Облыс прокуратурасының өтініші бойынша сот қарауы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 300 студенттің көз алдында өтті", - деп жазылған хабарламада.
Қостанай қаласындағы колледждердің бірінің екі студенті 11 қаңтарда жедел іздестіру кезінде ұсталған. Олар есірткіні үйлердің кіреберісінде, соның ішінде пошта жәшіктеріне жасырған. Тінту кезінде студенттерден ақ түсті ұнтақ салынған 50 байлам тәркіленді. Кейіннен жалдамалы пәтерді тінту кезінде аса ірі мөлшерде, 192 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон табылған.
Сот шешімімен студенттер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Героин. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Алматыда түнгі клубта есірткі сатушы ұсталды
Жаңалықтар
0