https://sputnik.kz/20231002/qazposhtanyn-segiz-aydagy-kirisi-44-payyzga-artty-38941648.html
"Қазпоштаның" сегіз айдағы кірісі 44 пайызға артты
"Қазпоштаның" сегіз айдағы кірісі 44 пайызға артты
Sputnik Қазақстан
"Қазпошта" еліміздің шалғай елді мекендерінде бөлімшелер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр 02.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-02T14:29+0500
2023-10-02T14:29+0500
2023-10-02T14:29+0500
қазпошта
https://sputnik.kz/img/1362/06/13620601_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_3eb508311432825b28c11653d03621d1.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша, "Қазпоштаның" 8 айдағы кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға немесе 16,7 миллиард теңгеге артты."Қазпошта" еліміздің шалғай елді мекендерінде бөлімшелер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл пошта, қаржы, агенттік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Мемлекет басшысына "Қазпошта" акционерлік қоғамы электронды коммерция нарығының субъектілері үшін бірыңғай экожүйе құратыны жөнінде мәлімет берілді. Ол үшін компания фулфилмент орталықтарын дамыту, отандық және шетелдік танымал маркетплейстер үшін тапсырыстар беру пункттерін ашу, қоймалар мен поштамат желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.Сонымен қатар президентке Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хаб салу жоспары таныстырылды. Мұндай логистикалық хаб осы аптада Астана қаласында ашылмақ.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/06/13620601_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_bd4e252986aa80ddf684d4bbd0e1b750.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазпошта
"Қазпоштаның" сегіз айдағы кірісі 44 пайызға артты
"Қазпошта" еліміздің шалғай елді мекендерінде бөлімшелер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорда.
Оның айтуынша, "Қазпоштаның" 8 айдағы кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға немесе 16,7 миллиард теңгеге артты.
"Қазпошта" еліміздің шалғай елді мекендерінде бөлімшелер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл пошта, қаржы, агенттік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысына "Қазпошта" акционерлік қоғамы электронды коммерция нарығының субъектілері үшін бірыңғай экожүйе құратыны жөнінде мәлімет берілді. Ол үшін компания фулфилмент орталықтарын дамыту, отандық және шетелдік танымал маркетплейстер үшін тапсырыстар беру пункттерін ашу, қоймалар мен поштамат желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар президентке Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хаб салу жоспары таныстырылды. Мұндай логистикалық хаб осы аптада Астана қаласында ашылмақ.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.