Галкиннің концерті өтпейтін болды – министрлік желіде тараған қауесетті жоққа шығарды

© Photo : instagram/maxgalkinruМаксим Галкин
Максим Галкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2023
Жазылу
Министрліктің ресми өкілі желіде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі шоумен Максим Галкиннің (РФ-та шетелдік агент-жеке тұлғалар тізіміне енгізілген) коцертін өткізбеуді сұраған жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Журналистер Смадияровтан "Ресей елшілігі концертті тоқтатуды сұрап хат жолдаған жоқ па?" деп сұрады.
"Мен ондай хат туралы енді естіп отырмын. Хат болған күннің өзінде концертті өткізу мәдениет органдарының құзіретіне кіреді. Сосын халық кімді тыңдайды, кімнің концертіне барады, өзі шешеді. Ешқандай хат жоқ. Сыртқы істер министрлігіне түскен жоқ. Біз арқылы ондай хат өтпеген. Меніңше, мәдениет пен өнерде саясат болмауға тиіс. Жаңағы әртіс бұл мәселені өз ұйымдастырушылары арқылы шешетін шығар", - деді Смадияров.
Осы орайда министрліктің ресми өкілі желіде тараған ақпаратқа сенбеуге үндеді.
Айта кетері, 8-9 қазанда Астана мен Алматы қалаларында Максим Галкиннің концертін өткізу жоспарланған болатын. Алайда жексенбі күні шоуменнің концерті өтпейді деген ақпарат шықты. "Қазақконцерт" пен Республика сарайы таратқан мәліметке сәйкес, сахна мен су құбырынан проблема анықталған.
Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірнеше рет өтпей қалған ресейлік әншілердің концерттеріне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, министрлік концерттерді ұйымдастырушыларға іс-шараның мазмұнына қатысты қатаң талап қояды.
Жаңалықтар
0