https://sputnik.kz/20231001/aqkenttegi-ort-turgyndar-zhondeu-zhumystarynan-keyin-paterlerine-qayta-oraldy-38917899.html
Ақкенттегі өрт: тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін пәтерлеріне қайта оралды
Ақкенттегі өрт: тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін пәтерлеріне қайта оралды
Sputnik Қазақстан
Өрттен зардап шеккен 96 тұрғын үйдің 95-і ретке келтірілді 01.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-01T09:31+0500
2023-10-01T09:31+0500
2023-10-01T09:47+0500
алматы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1e/38909893_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_8f5a0b687bb04d39704b253fcfbad936.jpg
АСТАНА, 1 қазан - Sputnik. "Ақкент" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеуден кейін өз пәтерлеріне қоныстанды. Өрттен зардап шеккен 96 тұрғын үйдің 95-і ретке келтірілді, 1 пәтердің иеcі жөндеу жұмыстарын жүргізуден бас тартты. Қазіргі уақытта үй 100% қоныстанған, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.Пәтерлерді жөндеуге қаражат Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша және аудан әкімдігінің қолдауымен төтенше жағдайлар департаментінің резервінен бөлінген."Ақаулы актілерге сәйкес жұмыстарды "Болашақ Құрылыс-S" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді. Есептеу аспаптарын, лифт шахталарын, кіру топтары мен еден алаңдарын қалпына келтірумен құрылыс салушы – "Ayt Housing Complex"өз бастамасы бойынша айналысты. Тұрғындар жүргізілген жұмыстарға риза", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.Сондай-ақ, Ақкент шағын ауданының барлық 58 үйінде өрт қауіпсіздігін тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар негізінен апаттық шығулардың бітелуімен байланысты.Еске сала кетейік, 1 тамызда Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шыққан болатын. Үйдің 300-ден астам тұрғыны эвакуацияланды. Бұған дейін президенттің тапсырмасы бойынша 6 адам "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған болатын.
https://sputnik.kz/20230811/aqkenttegi-ort-toqaev-erlik-korsetken-bir-top-azamatty-marapattady-37599904.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1e/38909893_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_e2bfcd2e3b7b5ec7dcdcd7f333f00fd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, өрт
Ақкенттегі өрт: тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін пәтерлеріне қайта оралды
09:31 01.10.2023 (жаңартылды: 09:47 01.10.2023) Өрттен зардап шеккен 96 тұрғын үйдің 95-і ретке келтірілді
АСТАНА, 1 қазан - Sputnik. "Ақкент" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеуден кейін өз пәтерлеріне қоныстанды. Өрттен зардап шеккен 96 тұрғын үйдің 95-і ретке келтірілді, 1 пәтердің иеcі жөндеу жұмыстарын жүргізуден бас тартты. Қазіргі уақытта үй 100% қоныстанған, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Жоспар бойынша мердігерлік ұйымдар жұмысты 20 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс болатын. Бірақ тұрғындарды қоныстандыру 10 күн бұрын басталды. Қазір "Ақкент" тұрғын үй-кешені бұрынғы өміріне қайта оралды", - деп атап өтті мегаполис әкімдігі.
Пәтерлерді жөндеуге қаражат Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша және аудан әкімдігінің қолдауымен төтенше жағдайлар департаментінің резервінен бөлінген.
"Ақаулы актілерге сәйкес жұмыстарды "Болашақ Құрылыс-S" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді. Есептеу аспаптарын, лифт шахталарын, кіру топтары мен еден алаңдарын қалпына келтірумен құрылыс салушы – "Ayt Housing Complex"өз бастамасы бойынша айналысты. Тұрғындар жүргізілген жұмыстарға риза", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ, Ақкент шағын ауданының барлық 58 үйінде өрт қауіпсіздігін тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар негізінен апаттық шығулардың бітелуімен байланысты.
Еске сала кетейік, 1 тамызда Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шыққан болатын. Үйдің 300-ден астам тұрғыны эвакуацияланды. Бұған дейін президенттің тапсырмасы бойынша 6 адам "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған болатын.