https://sputnik.kz/20230930/qyzymnyn-kinasi-zhoq-4-zhasar-khantorenin-azhesi-sukhbat-berdi-38903624.html
"Қызымның кінәсі жоқ": 4 жасар Хантөренің әжесі сұхбат берді
"Қызымның кінәсі жоқ": 4 жасар Хантөренің әжесі сұхбат берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жас жігіттің қолынан көз жұмған 4 жасар Хантөренің нағашы әжесі журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sputnik... 30.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-30T13:05+0500
2023-09-30T13:05+0500
2023-09-30T13:05+0500
алматы
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_baec0c8041b7ee92db4c02f6f8deb306.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жас жігіттің қолынан көз жұмған 4 жасар Хантөренің нағашы әжесі журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап. Өткен аптада кішкентай бүлдіршінді анасының азаматтық некедегі күйеуі өлімші етіп сабап, балабақшаға апарып тастаған. Ауыр жарақат алған баланың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Журналистер Хантөренің анасынан пікір алу үшін туыстарының үйіне іздеп барды. Бірақ ешкімді таба алмады. Осыдан кейін Самал Тоқтасынованың өзіне қоңырау шалды. Тұтқаны оның шешесі көтерді. Кішкентай бүлдіршіннің нағашы әжесі өз ойын телефон арқылы айтты. Камераға сұхбат беруден бас тартты. Анасы қайғыдан есеңгіреген қызын колледждегі жұмысынан шығарып, ауылға алып кеткен. Ал қылмыстың жай-жапсарын полиция анықтап, құқықтық бағаны тек сот беретінін жеткізді. Тілшілер қамауға алынған күдіктінің үйін де тапты. Алайда ішінен тірі жан шықпады. Көршілердің айтуынша, бұл пәтерде Дархан Дәулетов ата-анасымен бірге тұрған. Тұрғындар аталған отбасы ешкіммен араласпаған дейді. "Бір түрлі кісілер. Ана кісі пәтер жалдап тұрамын деп айтты, қызы. Ана кісі әпкемнің үйі деп айтты. Екі түрлі айтты. Бірекі күн ғана тарс-гүрс деген дауыс естілді. Болды", - дейді Айдана Сексенбай. Заңгер Бағдат Амандосұлы ұлын ұрып-соғатынын біле тұра, полицияға жүгінбеген жағдайда анасы да жауапқа тартылуы мүмкін дейді. Кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдырып, салдары өлімге әкеп соққаны дәлелденсе, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әкенің арызын қабылдап, ешқандай шара қолданбады делінген учаскелік полицейлердің мәселесі қызметтік тексерістің қорытындысынан кейін белгілі болады. Атышулы іс бойынша күдікке ілінген 19 жастағы жігіт қазір қамауда отыр. Айта кетері, өткен аптада 4 жасар Хантөрені анасы азаматтық некедегі күйеуіне қалдырып жұмысқа кеткен. Сол уақытта жас жігіт бүлдіршінді соққыға жығып, балабақшаға апарып тастаған. Ауыр жарақат алған баланың жағдайы бөбекжайда күрт нашарлап, ауруханадан бір-ақ шыққан. Іш құрылысы зақымданған баланың соңғы демі төрт күннен кейін жансақтау бөлімінде үзілді. Ал Самал есімді әйел колледжде сабақ береді. Ол студентімен оқу орнында танысып көңіл жарастырған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_7a437252d237ebaa27391b3257a3a0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, зорлық-зомбылық
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жас жігіттің қолынан көз жұмған 4 жасар Хантөренің нағашы әжесі журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
КТК арнасына сілтеме жасап.
Өткен аптада кішкентай бүлдіршінді анасының азаматтық некедегі күйеуі өлімші етіп сабап, балабақшаға апарып тастаған. Ауыр жарақат алған баланың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Журналистер Хантөренің анасынан пікір алу үшін туыстарының үйіне іздеп барды. Бірақ ешкімді таба алмады. Осыдан кейін Самал Тоқтасынованың өзіне қоңырау шалды. Тұтқаны оның шешесі көтерді. Кішкентай бүлдіршіннің нағашы әжесі өз ойын телефон арқылы айтты. Камераға сұхбат беруден бас тартты.
"Кінәлағандар менің баламның қасында болған жоқ. Неше түрлі айтып жатыр. Мен баламның жүрегіне қаяу салғым келмейді. Өзі де тірі өлік болып жатыр. Соның өмірін, соның киімі мен аяқ-киімін кисін де, орнына өмір сүріп көрсін. Сосын барып айтсын. Ешкімнің ештеңесін тыңдамаймын да, ол айтатындар айта берсін. Бәрін уақыт орнына заң бойынша кінәлілер жауап береді. Баламның осындай жағдайға апарғызғанына. Қанішерлердің барлығы", - дейді ол.
Анасы қайғыдан есеңгіреген қызын колледждегі жұмысынан шығарып, ауылға алып кеткен. Ал қылмыстың жай-жапсарын полиция анықтап, құқықтық бағаны тек сот беретінін жеткізді.
Тілшілер қамауға алынған күдіктінің үйін де тапты. Алайда ішінен тірі жан шықпады. Көршілердің айтуынша, бұл пәтерде Дархан Дәулетов ата-анасымен бірге тұрған. Тұрғындар аталған отбасы ешкіммен араласпаған дейді.
"Бір түрлі кісілер. Ана кісі пәтер жалдап тұрамын деп айтты, қызы. Ана кісі әпкемнің үйі деп айтты. Екі түрлі айтты. Бірекі күн ғана тарс-гүрс деген дауыс естілді. Болды", - дейді Айдана Сексенбай.
Заңгер Бағдат Амандосұлы ұлын ұрып-соғатынын біле тұра, полицияға жүгінбеген жағдайда анасы да жауапқа тартылуы мүмкін дейді. Кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдырып, салдары өлімге әкеп соққаны дәлелденсе, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әкенің арызын қабылдап, ешқандай шара қолданбады делінген учаскелік полицейлердің мәселесі қызметтік тексерістің қорытындысынан кейін белгілі болады. Атышулы іс бойынша күдікке ілінген 19 жастағы жігіт қазір қамауда отыр.
Айта кетері, өткен аптада 4 жасар Хантөрені анасы азаматтық некедегі күйеуіне қалдырып жұмысқа кеткен. Сол уақытта жас жігіт бүлдіршінді соққыға жығып, балабақшаға апарып тастаған. Ауыр жарақат алған баланың жағдайы бөбекжайда күрт нашарлап, ауруханадан бір-ақ шыққан. Іш құрылысы зақымданған баланың соңғы демі төрт күннен кейін жансақтау бөлімінде үзілді. Ал Самал есімді әйел колледжде сабақ береді. Ол студентімен оқу орнында танысып көңіл жарастырған.