Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды

© Photo : 3D FLYОдномоторный самолет
Одномоторный самолет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
"30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады.Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды.Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады", - делінген хабарламада.
Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.
Жаңалықтар
0