Азия ойындары: үш қазақстандық финалға шықты

© // Владимир ПесняБайдарка
Байдарка - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық үш спортшы финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден өнер көрсеткен Кирилл Тубаев іріктеу кезеңінде 2-орын алып, финалға жолдама алды.
500 метр қашықтыққа қос байдаркадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева 1:49.240 уақытпен 1-орын алып, финалға шықты.
Ақтық кезеңге сондай-ақ Игорь Ряшенцев пен Андрей Ергучев өтті. Олар 500 метр қашықтыққа қос байдаркадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде 1:38.338 уақытты көрсетіп 2-орын алды.
Ал 1000 метр қашықтыққа каноэда есуден Тимофей Емельянов 4:10.107 уақыт көрсеткішімен 4-орынға ие болып, 1/2 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Жаңалықтар
0