Азиада - 2023: алтыншы жарыс күнінің қорытындысы қандай

© Photo : Официальный сайт XIX Азиатских игрХанчжоу. Виды города
Ханчжоу. Виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Алтыншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 19 қола жүлде бар.
Кеше Азия ойындарында Қазақстан командасы бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиаданың күміс медалін жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Жапонияның командасынан (35:36) жеңіліп қалды.
Велотректен Қазақстан ерлер құрамасы (Рамис Дінмұхамедов пен Артем Захаров) мэдисон бағдарламасының финалында 37 ұпай жинап, 3-ші орынға ие болды.
1: 52: 25 уақыт аралығында үш кезеңнен өткен Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль жеңіп алды.
Жеңіл атлетикадан еліміздің қоржынына алғашқы жүлдені Каролин Чепкоеч Кипкируи салды. 10 шақырымдық жарыста ол үшінші келді.
Шахматтан әйелдер құрамасы бірінші турда БАӘ командасын 4:0 есебімен жеңді, ерлер құрамасы Таиландтан 3,5:0,5 есебімен озық шықты.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азиададағы 4-ші матчта Таиланд командасын 13:8 есебімен жеңді.Хоккейден Қазақстанның әйелдер командасы Индонезиядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді.92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Сағындық Тоғайбай Ираннан келген қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына шықты.
Ал Карина Ибрагимова (57 кг) Солтүстік Кореядан келген спортшыны жеңді.
Жаңалықтар
0