https://sputnik.kz/20230930/aqtobede-3-aptalyq-sabiin-shaykhanaga-tastap-ketken-ayel-izdestirilip-zhatyr--38898207.html
Ақтөбеде 3 апталық сәбиін шайханаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр
Ақтөбеде 3 апталық сәбиін шайханаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде белгісіз әйел 3 апталық нәрестені мейрамханаға тастап кеткен, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. 30.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-30T10:08+0500
2023-09-30T10:08+0500
2023-09-30T10:08+0500
ақтөбе
сәби
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде белгісіз әйел 3 апталық нәрестені мейрамханаға тастап кеткен, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше жедел басқару орталығының "102" арнасына орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-да бейтаныс әйелдің 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады. Әйел шайханадағы даяшыға барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан.Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы бірқалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді. Қазір баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, сәби
Ақтөбеде 3 апталық сәбиін шайханаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр
АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде белгісіз әйел 3 апталық нәрестені мейрамханаға тастап кеткен, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше жедел басқару орталығының "102" арнасына орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-да бейтаныс әйелдің 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады.
Әйел шайханадағы даяшыға барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан.
Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы бірқалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді. Қазір баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.