https://sputnik.kz/20230929/zhaandyq-energetikalyq-dagdarysty-zhenildetuge-ules-qosuga-dayynbyz---toqaev-38860034.html
Жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайынбыз - Тоқаев
Жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайынбыз - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар ол былтыр Қазақстан экспорты 40 пайызға жуық өскенін атап өтті 29.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-29T07:03+0500
2023-09-29T07:03+0500
2023-09-29T07:10+0500
қасым-жомарт тоқаев
германия
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38391979_0:97:3298:1952_1920x0_80_0_0_638baeb94a5758ae3f978dac817fe20e.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Berlin Global Dialogue форумында сөйлеген сөзінде еліміздің жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.Сонымен қатар ол былтыр Қазақстан экспорты 40 пайызға жуық өскенін атап өтті."Біздің ЖІӨ-нің едәуір бөлігі әлі де энергетика секторына тиесілі болғанымен, экономиканы әртараптандыруға күш саламыз. Автомобиль құрастыру, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау салаларындағы өсімді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан бизнес жасауға ерекше қолайлы орта қалыптастыру арқылы шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырып отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38391979_284:0:3015:2048_1920x0_80_0_0_0ee1de1dca633ff21397f917f02370cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, германия, мұнай
қасым-жомарт тоқаев, германия, мұнай
Жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайынбыз - Тоқаев
07:03 29.09.2023 (жаңартылды: 07:10 29.09.2023) Сонымен қатар ол былтыр Қазақстан экспорты 40 пайызға жуық өскенін атап өтті
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Berlin Global Dialogue форумында сөйлеген сөзінде еліміздің жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Еуразиядағы екінші ірі мұнай қорына ие Қазақстан әлемдік нарықтарға энергетикалық ресурстардың ірі жеткізушісі саналады. Біздің мұнай экспортының 70 пайызы Еуропа Одағына шығарылатынын ескере отырып, экспорттық әлеуетімізді кеңейтуге және жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайынбыз", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол былтыр Қазақстан экспорты 40 пайызға жуық өскенін атап өтті.
"Біздің ЖІӨ-нің едәуір бөлігі әлі де энергетика секторына тиесілі болғанымен, экономиканы әртараптандыруға күш саламыз. Автомобиль құрастыру, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау салаларындағы өсімді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан бизнес жасауға ерекше қолайлы орта қалыптастыру арқылы шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырып отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.