https://sputnik.kz/20230929/qazaqstanda-auyl-sharuashylygy-tekhnikasynyn-76-i-tozgan--vitse-ministr-38863101.html
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76%-і тозған – вице-министр
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76%-і тозған – вице-министр
Sputnik Қазақстан
Жаңарту жылдамдығы қажетті ең төменгі деңгейден шамамен бір жарым есе төмен 29.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-29T09:38+0500
2023-09-29T09:38+0500
2023-09-29T09:38+0500
ауыл шаруашылығы
техника
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385556_182:0:1098:515_1920x0_80_0_0_9017c1a3d926505be3997031df814c6f.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда барлығы 149,8 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,9 мың тұқым себу кешені және 76,3 мың сепкіш техника, сондай-ақ 219 мың данаға жуық әртүрлі топырақ өңдейтін құрал-сайман бар. Бірақ бүкіл парктің орташа тозуы 76%-ға жетті, деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Мәжілісте өткен жиында. Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.Вице-министр белгіленген ең төменгі технологиялық жаңарту 6-8% болғанда, қазіргі көрсеткіш небәрі 4,5%-ды құрайтынын айтты.Мәжілісмен Жигули Дайрабаев осыған қатысты мәлімдеме жасап, ескірген құрал-жабдықтарды пайдалану жанар-жағармай құнына жұмсалатын шығынның 20%-ға өсіп, өндіріс көлемінің 14%-ға төмендеуіне әкеліп соғатынын айтты. Бұл ретте Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының жай-күйі өзекті тақырып болғандықтан, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Жолдауында ерекше мән беріп, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту көрсеткішін жылына 8-10 пайызға жеткізуді тапсырды.Парламентарий 19 қыркүйекте премьер-министр шаруаларға жеңілдетілген лизинг беруге 20 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдағанын, бірақ бұл қаржы әлі де жеткіліксіз екенін еске салды.Бұған дейін Қазақстанда жоспарланған алқаптың 59,9%-ынан атық жиналғаны хабарланған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385556_297:0:984:515_1920x0_80_0_0_376cd2e131128a100d45051baad2602f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, техника
ауыл шаруашылығы, техника
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76%-і тозған – вице-министр
Жаңарту жылдамдығы қажетті ең төменгі деңгейден шамамен бір жарым есе төмен
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда барлығы 149,8 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,9 мың тұқым себу кешені және 76,3 мың сепкіш техника, сондай-ақ 219 мың данаға жуық әртүрлі топырақ өңдейтін құрал-сайман бар. Бірақ бүкіл парктің орташа тозуы 76%-ға жетті, деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Мәжілісте өткен жиында. Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Вице-министр белгіленген ең төменгі технологиялық жаңарту 6-8% болғанда, қазіргі көрсеткіш небәрі 4,5%-ды құрайтынын айтты.
Мәжілісмен Жигули Дайрабаев осыған қатысты мәлімдеме жасап, ескірген құрал-жабдықтарды пайдалану жанар-жағармай құнына жұмсалатын шығынның 20%-ға өсіп, өндіріс көлемінің 14%-ға төмендеуіне әкеліп соғатынын айтты. Бұл ретте Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының жай-күйі өзекті тақырып болғандықтан, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Жолдауында ерекше мән беріп, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту көрсеткішін жылына 8-10 пайызға жеткізуді тапсырды.
"Үкімет басшылығы технопаркті жаңартпай еңбек өнімділігі мен фермерлердің кірісін арттыру мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Алайда, қазіргі жеңілдетілген лизинг құралдарын қаржыландыру көлемін айтарлықтай арттыру үшін мемлекет қандай кедергілерге тап болып отырғаны белгісіз", - деп баспасөз қызметі Дайрабаевтың сөзін келтірді.
Парламентарий 19 қыркүйекте премьер-министр шаруаларға жеңілдетілген лизинг беруге 20 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдағанын, бірақ бұл қаржы әлі де жеткіліксіз екенін еске салды.
Бұған дейін Қазақстанда жоспарланған алқаптың 59,9%-ынан атық жиналғаны хабарланған болатын.